
KAZENERGY Қауымдастығы және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы Жас химик интеллектуалды байқауының нәтижелері туралы хабарлайды
| размер шрифта: Aa | Aa |
Биылғы жылдың 20 желтоқсанында Астана қаласы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Жас химик» интеллектуалды байқауының қорытынды айналымы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орайластырып, мектеп жасындағы дарынды балалар арасындағы кәсіби бейімделу жұмыстарын жүргізу шеңберінде KAZENERGY қауымдастығы және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ брігіп өткізеді.
Байқаудың мақсаты мектеп оқушыларын ғылыми ізденістерге итермелеу, олардың химияға деген қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдай жасау, ғылыми білімді насихаттау, жоғары сынып оқушыларының кәсіби бейімделуі үшін жағдай жасау. Байқау қазақ тілінде өткізілді.
Байқауда 17 қарашада өткізілген іріктеу айналымынан өткен Астананың бес мектебінің оқушылыры қатысты, олар: №38 мектеп-лицейі, Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі, Қазақ-түрік дарынды қыздар лицейі, Қазақ-түрік дарынды ұлдар лицейі және «Зерде» дарынды балалар мектебі. Байқау бес сынақтан құрылды: командамен таныстыру, кіріспе сұрақтар, үй жұмысы, негізгі бөлім және қазылар алқасы мен KAZENERGY Жастар комитеті дайындаған арнаулы сұрақтарға жауап беру.
Байқау шарты бойынша, әр құрама өз мүшелерінің мінез-құлқын сипаттайтын бір химиялық элементті таңдап, команданы сол элементтің атауымен атады. 30 қараша күні таратылған үй жұмысына сәйкес, ақтық ойынға қатысушы топ өз химиялық элементін таныстыратын шығармашылық номер дайындады. Оқушылырдың жұмысын бағалау үшін қазылар алқасы құрамына Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті және Назарбаев Университеті химия факультеті профессорлары мен мұғалімдері, «Астана дарыны» Республикалық ғылыми тәжірибелік орталығының өкілі шакырылды. Байқаудың қорытындысы бойынша 1 орынды «Зерде» дарынды балалар мектебінің құрама командасы ұтып алды, 2 орын Қазақ-түрік дарынды ұлдар лицейіне берілді, 3 орынға Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі ие болды. «Жас химик» байқаудың жеңiмпаздарына дипломдар және сыйлықтар тапсырылды. Қазақ-түрік дарынды қыздар лицейі және №38 мектеп-лицейі командалары «Жас химик» байқауының қатысушылары деген сертификаттар мен сыйлықтарға ие болды. Сонымен бiрге жанкүйерлер мен мектеп мұгалімдері арасында арнаулы жүлделер ұтысы ұйымдастырылды.
Осы шараға қатысты барлық сұрақтар бойынша Ахмурзина Ляззат (тел. +7 (7172) 790187, e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек ) және Аубакирова Жулдуз бен (тел. +7 (7172) 790184, e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек ) байланасуыңызды сұраймыз.
|










