
KAZENERGY Еуразиялық форумы
| размер шрифта: Aa | Aa |
|
Ассоциацияның ең беделді және танымал брендтерінің бірі – KAZENERGY Евразиялық форумы. Форум KAZENERGY қамқорлығымен ұйымдастырылады және 2006 жылдан бері жыл сайын өтіп келеді, осы уақыт аралығында бес форум өтті. Өткен форумдар жұмысына отандық және шетелдік мұнай-газ және энергетика салаларының басты өкілдері, танымал еуропалық және америкалық саясатанушылар қатысты. Форум делегаттарының арасында мемлекет және ведомство басшылары, әлемдік және қазақстандық жетекші энергетикалық компаниялар топ-менеджерлері, басты сарапшылар мен БАҚ өкілдері бар. Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредер, ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев және т.б. маңызды адамдар қатысты. Сөйтіп, KAZENERGY Ассоциациясы өзіне мұнай-газ және энергетикалық саланы тұрақты және теңдестіре дамытудың қосымша мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін салалық диалог орталығы мәртебесін бекіте алды. KAZENERGY Еуразиялық форумы – мұнай-газ саласының кәсіпорындары мен барлық энергетикалық өнеркәсіпті біріктіретін беделді диалогтік алаң. Еуразиялық форум Қазақстандағы ең ірі халықаралық шара болып табылады.VI KAZENERGY Еуразиялық форумы (ресми сайт)kazenergyforum.com |
