
KAZENERGY форумы – тарихи ракурс
| размер шрифта: Aa | Aa |
|
KAZENERGY форумы – тарихи ракурс
2006 жылы өткен Бірінші KAZENERGY Еуразиялық форумы қатысушылардың назарын "Мұнайгаз саласы және энергетика" жалпы тақырыбы шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымдарды қазақстандық қалыптастыру және қамтамасыз ету мәселесіне, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға, мұнайхимия кластерін құруға, энергияны табуда балама көздерді енгізуге аударды. Сол кезде форумға 200-ден аса делегат қатысты.
Бірінші KAZENERGY Еуразиялық форумы жұмысының қорытындысы бойынша KAZENERGY ассоциациясы қызметінің негізгі бағыттары тұжырымдалды. Екінші KAZENERGY Еуразиялық форумы аналитикалық ақпараттарды шолумен қатар, мұнайгаз және энергетика салаларын дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, ұсыныстар мен ұсынымдар жасауға, тиімді заңнамалық механизмдер мен экономиканың негізгі секторлары қызметтерінің тәжірибелік құралдарын құрудағы бірыңғай амалдарды келісуге, сонадай-ақ бәсекеге қабілетті экономиканы қамтамасыз етудегі ұлттық компаниялардың маңызы туралы пікірталастарға арналды.
Екінші KAZENERGY Еуразиялық форумы жұмысының қорытындысы бойынша энергетикада соны балама бағыттарды дамытуға жұмылдырылған заң жобалары мен бағдарламалар, тұжырымдамаларды дайындауға қолдау көрсету; экологиялық талаптарға жауап беретін, энергия үнемдейтін, ғылымды қажет ететін технологияларды енгізуге жәрдемдесуге және электрэнергетикада инвестициялық ахуал туғызуға белсене қолдау көрсету; еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбек жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар жасау; ШЫҰ елдерінде энергетикалық ықпалдастық бастамасын қолдау туралы шешім қабылданды.
2008 жылы өткен Үшінші KAZENERGY Еуразиялық форумы Қазақстанның, сондай-ақ бүкіләлемдік қоғамдастықтардың энергетикалық мүдделерін қозғай отырып, сол кезеңдегі аумақты да ерекше өткір болып табылған өзекті және күрделі үдерістер мен үрдістерді талқылауға баса назар аударды.
Әлемнің 15 елінен 800 қатысушыны жинаған, Қазақстанның энергетикалық апталығы – Kazakhstan Energy Week шеңберіндегі Төртінші KAZENERGY Еуразиялық форумы ерекше маңызды тақырыпқа назар аударды. «Жаһандық шақырулар және стратегиялық альянстар» тақырыбы – барлық өтілген пікірталастар үшін айқындаушы болды. IV Еуразия энергетикалық форумының қатысушылары, ішінара Еуропа мен Азия арасындағы энергетикалық әріптестік тақырыбына көбірек көңіл бөлді. Себебі барлық елдерді энергетикалық ресурстармен сенімді қамтамасыз ету, Еуразия континентіндегі тұрақтылықтың маңызды факторларының бірі болып табылатындығында. Ең алдымен, мәселе елдер өңірлері арасындағы өзара тиімді, теңдестірілген энергетикалық саясатты келісу туралы болып отыр.
Барлығы 8 пленарлық мәжіліс пен секция өтті. Форумның екі күнгі жұмысында, сонымен қатар, энергия тасылмалдау және электрэнергетика өнеркәсібін дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды дамыту, Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру, мұнай және газ-химия мен мұнай өңдеу келешегі, біртұтас және ынтымақты өзара әрекеттестік саясатын құру және ірі халықаралық энергетикалық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа қаржылық инструменттер іздеу мәселелері талқыланды.
|










