
I Еуразиялық форум
| размер шрифта: Aa | Aa |
Бірігу форумы: өткенді еске ала отырыпБірінші KAZENERGY Еуразиялық форумы еліміздің отын-энергетика кешенін дамытуда жаңа кезеңді белгіледі. Алғаш рет сындарлы пікірталас жағдайында өсудің "проблемелы нүктелерін" анықтау, дамыудың ары қарайғы келешегін белгілеу әрекеті қолданды. Өкімет өкілдері, ғалымдар, мұнай-газ және энергетика салаларының ірі кәсіпорын жетекшілері, шет ел сарапшылары жаңа жобалар қай бағытта дамиды, бұрынғы мәселелерді шешу жолдары қандай деген сұрақтарға жауап беруге және талқылауға мүмкіндік алды. Тек KAZENERGY ғана өткір мәселелерді айналып өтпей, тең құқылы сұхбат құра алатын диалогтік алаң бола алды. "Алдымен экономика, сонан соң саясат" – ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сөзі Еуразия энергетикалық форумының девизі бола алар еді. 2006 жылғы қыркүйек өзара бірін-бірі толықтыратын қоғам, өкімет пен бизнесті дамытуға әрі қарай жаңа философиялық оң шешімдерді жасауға қызмет ететін қазақстандық ОЭК кәсіпорындарын идеологиялық құрылымдаудың бастауы болды. ![]() KAZENERGY ассоциациясы форумды өткізуге бастама көтере отырып, ары қарайғы іс-әрекет векторын анықтаушы күш ретінде қазақстандық "мұнайшылар" мен энергетиктердің шығармашылық күшін нығайту міндетін мойнына алды. Дәл мұнай-газ секторына қазақстандық экономика «локомотивін» ілгерілету рөлі жүктелгенін естеріңізге салу артық болар. Бұдан шығатыны, форум Мемлекет басшысымен қойылған жойқын міндеттерге қызмет етті. Ол міндет Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің деңгейіне көтеру болатын. Бірақ осыншама өткір міндеттің алдында бастапқы шарттарды талдау тұруы керек. Форумды шақыру осы мақсатқа қызмет етті. – Бүгінде мұнай-газ және энергетика салаларының ІЖӨ-дегі үлесі, салық төлеудегі басым үлесті айтпағанның өзінде, 50% -дан асады, – деп сөзін ары қарай жалғады Тимур Құлыбаев. – Бұның бәрі бізге "Қазақстан мұнай және энергетика аясында еліміздің мүддесі қалай жүзеге асып жатқандығына мақтана алады" деп сенімділікпен айтуға толық құқық береді. Тимур Құлыбаев мұнай-газ саласындағы жағдайды талдай келе, ірі жобалардағы қазақстандық қамту 30 пайыздан асқанын, ақшаға шаққанда миллиард АҚШ долларынан асқанын еске салды. – Жақын болашақта осы көрсеткішті 50% -ға дейін көтерудің үлкен әлеуеті бар, – деп атап өтті Т. Құлыбаев. –Бірақ бұл мақсат тараптар арасында екі жақты түсіністік болған жағдайда ғана қолжетімді. Бұл үшін біз ашықтық қағидатымен іс-әрекет етіп, қазақстандық тауарлар мен қызметті жеткізушілерді кемсітпей, керісінше халықаралық сапа стандарттарын енгізу және ұзақмерзімді жоспарлау кезеңінде олармен ынтымақтастықта болуымыз қажет, – деп түсіндірді өз ұстанымын ассоциация төрағасы. Тимур Құлыбаев KAZENERGY-дің осы салалар үшін маңызды заң жобаларын дайындауға белсене қатысушы, мұнай-химия, барлау және өндіру жөніндегі шет ел инвесторлары кеңесінің жұмыс тобына кірген, «өте тиімді, әрекет етуші ұйым ретінде маңызы бар» екенін фактімен белгіледі. – КazEnergu ассосациясы мемлекеттік органдар мен энергетика саласындағы кәсіпорындар арасында модератор болуға дайын, – деп түйіндеді сөзін ассоциация төрағасы. Пікірталасқа қатысушылардың назарын энергетикалық сектордың басым бағыттарына көбірек аударуға ұсыныс жасаған ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов, дамудың негізгі міндеттерін мәселесін көтерді. Үкімет басшысының қойған тағы бір маңызды міндеті: мұнай өндірудің сервистік секторында қазақстандық құрамды дамыту. Бұл жұмыстың нәтижесі – KAZENERGY-дің қолдауымен «ҚазМұнай Газ» ҰК» АҚ мамандардың бірыңғай даму орталығы жеке мекемесі өткізетін жыл сайынғы адам ресурсы жөніндегі ғылыми-практикалық конференция. Ассоциация қызметі – Үкімет қойып отырған міндеттердің жалғасы. Ассоциация мүшелерінің пікірлері мен ұсыныстарын атқарушы билік өкілдері тыңдайды. Бәлкім, жеке-мемлекеттік әріптестік туралы тезиске баса назар аудару үшін болар, ҚР Энергетика вице-министрі Б.Ақшолақовтың баяндамасында айтылған «Қазақстан ОЭК(Отын-энергетика кешені) даму стратегиясы» форумда тұсауын кесті. Форумға қатысушылар Үкіметтің алға қойған мақсаттарын, ұзақмерзімді кезеңге кешенді дамыту идеологиясы мен тұжырымдамасын анық ұқты. Қазақстанда іске асып жатқан өндіруші салалар ашықтығы бастамасы туралы жағдай ақыл қорытып, терең талдау жасау, тиісті дәрежеде жетекшілік етуге алып келді. Ассоциация өзінің жұмысында қатысушыларының «ішкі тобында» тұйықталып қалмайды, сала алдында тұрған практикалық мәселелерді шешеді. (Ассоциацияның Жұмыс тобы мүшелері мен ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің біріккен конференцияларында бірнеше рет талқыланған трансферттік баға белгілеу туралы мәселе де жоғарыдағыға қатысты). Ассоциация мүшелерінің әр түрлі халықаралық форумдарда сөз сөйлеуі елдегі қолайлы инвестициялық климат туралы Үкімет мәлімдемелеріне оң әсер туғызады. «Барлық мемлекеттің тулары – бізге қонаққа» – Еуразия энергетикалық форумы сындарлы ынтымақтастыққа дайынмын дегендерге қайтадан есігін айқара ашады.
|



