
Стратегия
| размер шрифта: Aa | Aa |
|
ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ Стратегия мақсаты: Бизнес пен билік арасында диалог орнату арқылы республиканың мұнай-газ кешені кәсіпорындарының рөлін арттыру. Сонымен қатар, құқық орнатушы және нормативті-құқықтық актілерді шығару, мұнай-газ және энергетикалық сектордың сарапшылық кеңестері мен жұмысшы топтарында Қауымдастықтың ықпалын күшейту; Нәтижелер: • Орта мерзімдік жоба-жоспарды есепке ала отырып, Қауымдастықты дамыту жолының негізгі іс-әрекеттерін жүйелеу; • Қауымдастықтың ішкі құрылымын оңтайландыру. Қауымдастықтың міндеттерін және оның ұсынатын қызметтер аясын кеңейту, тиімділігін арттыру; • Отандық кәсіпкерлікті - орта және шағын бизнес өкілдеріне қолдау көрсету, әлеуметтік жауапкершілік пен бизнестің жағымды имиджін қалыптастыру жолындағы қызметті жандандыру; • Бизнес пен билік арасында келіссөз жүргізу жолымен Республиканың мұнай-газ кешені кәсіпорындарының мүдделерін қорғау ісінде Қауымдастықтың рөлін күшейту; • Ұлттық энергетикалық саясатты жүзеге асыру. • Мемлекетаралық институттар аясында Қауымдастық профильді интеграциялық бастамаларға мұрындық болып, ықпалын арттыру; • Сырт елдердің мұнай-газ және энергетикалық қауымдастықтарымен қарым-қатынасты үйлестіріп, Қауымдастықтың халықаралық мәртебесін арттыруға мүмкіндік жасау; • Іс-шараларды (конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер) ұйымдастыру; • Профильді білім беру бастамаларын қолдап, бағдарламаларына жүйелік жәрдем беру; • Ақпараттық стратегия. Қауымдастық пен оған мүше компаниялардың жағымды имиджін қалыптастыру. Оның белсенділігі туралы мәліметтерді тарату іс-қимылдарды жүйелеу • EnergyCity жобасын бастау • «Бірігу Энергиясы» Халықаралық энергетикалық жүлдесін ұйымдастыру |
