KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры
KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры

БОЛАТ ОРАЛҰЛЫ АҚШОЛАҚОВ

1971 жылы 9 сәуірде Қазақстан Республикасында Атырау қаласында дүниеге келді.


Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары
1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.


Еңбек қызметі 

  • 1993 1995 жж. – «Аlem Bank Kazakhstan» филиалдар қызметін бақылау департаментінің экономисі, бас экономисі;  
  • 1995-1997 жж. – Орталық Азия ынтымақтасу және даму банкінің бағалы қағаздар бөлімінің, дилинг операциялары бөлімінің бастығы, активтерді басқару департаменті директорының орынбасары;
  • 1997-2001 жж. – «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ Теңіз жобасы департаментінің аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, директорының орынбасары;
  • 2001-2003 жж. – Commonwealth and British Services Ltd. компаниясының бизнес-аналитигі, стратегиялық жоспарлау менеджері, қаржы директоры;
  • 2003-2006 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Бірлескен кәсіпорындарда үлестерді басқару жөніндегі атқарушы директоры;
  • 2006-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі;
  • 2008-2010 жж. – «Самұрық-Қазына» ¥ӘҚ» АҚ мұнай-газ және энергетика активтері жөніндегі басқарушы директоры;
  • 2010-2011 жж. – «РSА» ЖШС бас директоры, Өнімді бөлу туралы келісімдер женіндегі өкілетті орган (Қарашығанақ жобасы, Солтүстік Каспий жобасы – Қашаған, Дұңға жобасы);
  • 2011 жылы – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы;
  • 2012-2014 жж. – ҚР Мұнай және газ вице-министрі;
  • 2014-2017 жж. – «Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры;
  • 2016-2017 жж. –KAZENERGY қауымдастығының бас директоры;
  • 2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
  • 2019 жылғы 03 сәуірден бастап – KAZENERGY қауымдастығының бас директоры, «Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры.

 2006-2010 жж. аралығындағы кезеңде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «КЕГОК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды.

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының президенті (2012 ж. бастап)

Азия – Тынық мұхиты аймағы ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының президенті (2016 ж. бастап)

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы (2007 жыл)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені (2014 жылы), «Астанаға 10 жыл» мерейтойлы медалі (2008 жыл), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлы медалі (2011 жыл), «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (2013), «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалі (2018), «Қазақстан Республикасының атом саласына еңбек сіңірген 3 дәрежелі қызметкер» төсбелгісі (2008), әртүрлі ведомстволық грамоталармен.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Үш бала тәрбиелейді.