Атқарушы комитет
Атқарушы комитет Қауымдастықтың қызметіне ағымдағы басшылық ететін Қауымдастықтың алқалық атқарушы органы болып табылады, Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысына, Қауымдастық Төрағасына, Қауымдастық Кеңесіне есеп береді және олардың шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады.

Атқарушы комитеттің құзыретіне мыналар жатады:
  1. Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы, Төрағасы және Кеңесі бекітетін құжаттарды қоспағанда Қауымдастықтың ішкі құжаттарын бекіту
  2. Қабылдануы оның құзыретіне жатқызылған ішкі құжаттардың жобаларын дайындауды және Қауымдастықтың уәкілетті органдарының бекітуіне шығаруды ұйымдастыру;
  3. Қауымдастық мүшелеріне оның қызметі туралы ақпараттың уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету;
  4. Қауымдастықтың жылдық жұмыс жоспары мен бюджетінің жобаларын әзірлеу және Қауымдастық Төрағасымен келісе отырып оларды Қауымдастық Кеңесінің бекітуіне шығару;
  5. Қауымдастық мүшелері болып табылмайтын ұйымдармен әріптестік туралы шарт жасасу жөніндегі шешімдерді қабылдау;
  6. Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне, Қауымдастық Төрағасының немесе Кеңесінің құзыретіне жатқызылмаған Қауымдастық қызметін қамтамасыз етудің өзге мәселелері бойынша шешімдер қабылдау, сондай-ақ ағымдағы қызметіне жалпы жетекшілік ету және Қауымдастық Жарғысымен қарастырылған өзге мәселелерді шешу.


Қазіргі уақытта Атқарушы комитетінің мүшелері:

12121.jpg
Ақшолақов Болат Оралұлы
KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры

«KAZENERGY» ЗТБ Атқарушы комитетінің қызметін тікелей басқарады.
Төмендегілердің жұмыстарына жетекшілік етеді: 
  • Қауымдастықтың атқарушы директорлары;
  • Бухгалтерия;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қауымдастық жарғысында белгіленген атқарымдарды атқарады.
Кабжанов-1.png
Қабжанов Рүстем Хайроллаұлы
Атқарушы директор

Төмендегі мәселелерге жетекшілік етеді:
  • мұнай-газ және энергетика саласын дамыту;
  • ғылым, инновациялар, экология және қазақстандық үлесті дамыту;
  • ЕАЭО, өзге де халықаралық ұйымдар шеңберіндегі стандарттау және техникалық реттеу;
  • тұрақты даму саласындағы жұмыстар.
Төмендегілердің жұмыстарына жетекшілік етеді:
  • Мұнай-газ және энергетика саласын дамыту департаменті;
  • Техникалық реттеу департаменті.
Қауымдастықтың мынадай үйлестіру кеңестерінің қызметтерін ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік етеді:
  • ғылым, инновациялар және қазақстандық үлесті дамыту мәселелері бойынша;
  • энергетикалық саланы дамыту бойынша;
  • экология, әлеуметтік жауаптылық және ашықтық мәселелері бойынша.
Ногайбай-1.png
Ноғайбай Заңғар Мақсұтұлы
Атқарушы директор

Төмендегі мәселелерге жетекшілік етеді:
  • заң жобалау және қауымдастықтың және оның мүшелерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді сараптау жұмыстары (бекітілген жобалар бойынша);
  • қауымдастық қызметін құқықтық қамтамасыз ету.

Төмендегілердің жұмыстарына жетекшілік етеді:
  • заң департаменті;
  • ішкі әкімшілік департаменті;
  • қауымдастық жанындағы Заңнама жөніндегі сарапшылық кеңес.
IMG_9381_180.jpg
Қарашев Талғат Қалимбекұлы
Атқарушы директор

Төмендегі мәселелерге жетекшілік етеді:
  • халықаралық ынтымақтастықты дамыту және басты халықаралық ұйымдармен әрекеттестікті дамыту;
  • Еуразиялық KAZENERGY форумын қоса алғанда, халықаралық сипаттағы ірі шараларды өткізу;
  • Қазақстан Республикасында Өндіруші саланың ашықтығы бастамасын (EITI) іске асыру;
  • KAZENERGY Ұлттық энергеткиалық баяндамасын әзірлеу;
  • жоғары деңгейдегі ресми сапарларды, кездесулерді және өзге де хаттамалық шараларды ұйымдастыру.
Төмендегілердің жұмыстарына жетекшілік етеді:
  • Халықаралық Энергетикалық Хартия жөніндегі жоба басшысы;
  • Халықаралық ынтымақтастық департаменті;
11.jpg
Ахмурзина Ляззат Жексенбайқызы
Атқарушы директор

Төмендегі мәселелерге жетекшілік етеді:
  • Кәсіби оқулар;
  • Мұнай-газ және энергетика кешеніндегі қазақстандық кадрларды қайта даярлау, біліктілігін арттыру;
  • Әлеуметтік саясатты іске асыру;
  • Кәсіби-технкиалық білім беру саласындағы стандарттау және сертификаттау;
  • Шәкіртақылық гранттар;
  • Қауымдастықтың білім беру бағдарламаларын даярлау және іске асыру;
Төмендегілердің жұмыстарына жетекшілік етеді:
  • Адами капиталды дамыту департаменті;
  • Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі;
  • Қауымдастық жанындағы KAZENERGY Жастар комитеті;
  • Қауымдастық жанындағы Ханымдар Энергетикалық клубы.