|

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі мүшелерінің жалпы жиналысымен «бекітілген» (2010 ж. «23» маусым № 2 хаттамасы)
«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ЖАРҒЫСЫ Астана, 2010 ж.
1-бөлім. Жалпы ережелер 1. Бұдан әрі «Қауымдастық» деп аталатын «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, заңды тұлғалардың бастамасы бойынша құрылды және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және басқа да заңнама актілеріне сәйкес оның мүшелерінің еріктігі, тең құқықтығы, өзін өзі басқару, қызметінің заңдылығы, есептілігі және жариялылығы негізінде іс-қимыл жасайды. 2. Қауымдастық тәуелсіз коммерциялық емес ұйым, Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының ерікті бірлестігі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамытуды және қолдауды өзінің мақсаты етіп қойған аймақтық және салалық одақтар, қауымдастықтар, қоғамдық бірлестіктер, қорлар, кәсіпорындар мен басқа да ұйымдар қауымдастықтың мүшесі бола алады. 3. Қауымдастықтың толық атауы: мемлекеттік тілде: «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі; орыс тілінде: Объединение юридических лиц «Казахстанская ассоциация организаций нефтегазового и энергетического комплекса «KAZENERGY»; ағылшын тілінде: Association of legal entities «Kazakhstan association of oil, gas and energy sector organizations «KAZENERGY». 4. Қауымдастықтың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19-үй. 5. Қауымдастық өз қызметін Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүзеге асырады.
2-бөлім. Заңды мәртебесі 6. Қауымдастық заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Рспубликасының қолданылып жүрген заңнамасының негізінде жүзеге асырады. 7. Қауымдастықтың меншік құқығында оқшауланған мүлкі бар және осы мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап береді, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болады және жүзеге асырады, сотта талапкер және жауапкер бола алады. Қауымдастықтың дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының және өзге де мемлекеттердің банктерінде ағымдағы және өзге де шоттары, мөрлері, мөртаңбалары, белгіленген үлгілердегі бланктері, жеке рәмізі болады. 8. Қауымдастықтың заңды тұлға ретіндегі құқықтық қабілеті Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген тәртіппен әділет органдарында тіркелген сәттен бастап туындайды.
3-бөлім. Қауымдастық қызметінің мақсаты мен пәні 9. Қауымдастық құру мақсаты заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру үшін оларды біріктіру, олрадың қызметін дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін жалпы мүдделерін, оның ішінде мүлікті мүдделерін білдіру және қорғау болып табылады. 10. Қауымдастық қызметінің пәні: 1) Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау; 2) Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарын – Қауымдастық мүшелерін қолдау және дамуына ықпал ету; 3) бейінді және өзге ғылыми, кеңестік және білім беру ұйымдары мен мекемелерін қолдау; 4) кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы мақсаты бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге, үйлестіруге және қолдауға жәрдемдесу; 5) ақпараттық-кеңестік, ғылыми-әдістемелік және баспаханалық жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу; 6) жеке экономикалық бастамашылықтардың, кәсіпкерліктің барлық нысандарын дамытуға ықпал ететін басқа да қызмет болып табылады. 11. Осы Жарғыда көзделген міндеттерді орындау үшін Қауымдастық: 1) осы Жарғыда көзделген міндеттерді орындау үшін алынған кірістерді пайдалану мақсатында сауда, делдалдық және өзге де коммерциялық операцияларды жүзеге асыруға; 2) экономикалық реформаларды дамыту және кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін көмек (ерікті қайырмалдықтар, гранттар және т.б.) көрсетуге және алуға; 3) Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде тыйым салынғанды қоспағанда, өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы. 12. Қауымдастықтың қызметі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасы мен осы Жарғыға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.
4-бөлім. Мүшелікке ие болу және оны жоғалту тәртібі 13. Қызметі Қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келмейтін кез келген заңды тұлғалар, оның ішінде одақтар, қауымдастықтар, қоғамдық бірлестіктер, қорлар және басқа да коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдар Қауымдастықтың мүшелері бола алады. 14. Қауымдастыққа қабыладау Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының шешімі бойынша заңды тұлғаның уәкілетті тұлғаның Қауымдастық Төрағасының атына жазбаша өтінішінің және кіру жарнасын төлеу негізінде жүзеге асырылады. 15. Қауымдастыққа қосылған ұйымдардың кіру жарналарының мөлшері 100 000 (жүз мың) теңгені құрайды. 16. Ағымдағы мүшелік жарналарды төлеу мөлшері мен тәртібін Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы айқындайды. 17. Қауымдастыққа мүшелік ерікті түрде немесе Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы шешімінің негізнде тоқтатылуы мүмкін. 18. Қауымдастық мүшесі кету туралы жазбаша өтініш берген күннен бастап бір айдан кейін кез келген уақытта Қауымдастықтан шыға алады. Бұл орайда Қауымдастық мүшесі оның Қауымдастықтан шығуына дейін туындаған оның міндеттемедері бойынша, шығу сәтінен бастап екі жылдың ішіндегі өз жарнасына сайма-сай субсидиялық жауапкершілікте болады. 19. Қауымдастық мүшесін шығару Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының құзырына жатады. Қауымдастық мүшелерінен шығару үшін мыналар негіз болып табылады: 1) осы Жарғының нормаларын бұзу; 2) құпиялы ақпаратты жария ету; 3) Қауымдастыққа елеулі зиян келтіру; 4) көзделеген мүшелік жарналарды бір күнтізбелік жыл ішінде төлемеу. 20. Қауымдастық мүшесінің жарналары ол одан шыққан, заңды тұлға тартылған не Қауымдастық құрамынан шығарылған кезде қайтарылуға жатпайды.
5-бөлім. Қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері 21. Қауымдастық мүшелері: 1) осы Жарғыға сәйкес Қауымдастықты басқаруға қатысуға; 2) өз өкілдерін Қауымдастықтың органдарына ұсынуға; 3) Қауымдастықтан шығуға; 4) Атқарушы комитеттен Қауымдастық мүшелерінің өз міндеттерін Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына, Қауымдастықтың құрылтайшылық құжаттарына сәйкес тиісті түрде орындауларын талап етуге; 5) өзге коммерциялық және коммециялық емес ұйымдарға қатысуға (мүше болуға); 6) Қауымдастықтың Атқарушы комитетінен 40 күнтізбелік күн ішінде Қауымдастықтың қызметі туралы ақпаратты алуға; 7) Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысында дауыс беруге құқылы. 22. Қауымдастық мүшелері: 1) Осы Жарғыға және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес іс-қимыл жасауға; 2) кіру және ағымдағы мүшелік жарналарды уақытында төлеуге; 3) Қауымдастыққа оның қызметін жүзеге асыруға жәрдем көрсетуге; 4) Қауымдастық мүшелерінің және олардың құзыреті шегінде Қауымдастықтың басқа да басқару органдарының Жалпы жиналыс шешімдерін орындауыларын қамтамассыз етуге міндетті. 23. Қауымдастық мүшелері өз дербестілігі мен заңды тұлға құқықтарын сақтайды.
6-бөлім. Қауымдастықтың құқықтары 24. Қауымдастық: 1) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ұжымдық мүшелер ретінде коммерциялық және /немесе коммерциялық емес, оның ішінде ақша, қаржылай көмектер, гранттар алуға; 2) өз филиалдары мен өкілдіктерін ашуға; 3) өз қызметі туралы ақпарат таратуға; 4) Парламентте, Үкіметте, соттарда және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарында өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін білдіруге және қорғауға; 5) бұқаралық ақпарат құралдарын құруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасы мен осы Жарғыға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы.
7-бөлім. Қауымдастықтың мүлкін қалыптастыру көздері 25. Ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар, өндірістік, әлеуметтік - мәдени мақсаттағы объектілер, ақшалар, жер учаскелері көлік құралдары, заңды тұлғалардың жарғы капиталына қатысу үлестері, акциялар, бағалы қағаздар және Қауымдастық сатып алған, Қауымдастықтың балансында тұрған және оның меншігі болып табылатын өзге де мүлік Қауымдастықтың мүлкі болып табылады. 26. Қауымдастықтың мүлкін қалыптастыру көздері мыналдар болып табылады: 1) құрылтайшыдардан түсімдер; 2) кіру және ағымдағы мүшелік жарналар; 3) еркін қайырымдылықтар; 4) донорлық ұйымдар тарапынан мақсатты қаржыландыру (гранттар); 5) ақылы жұмыстар, қызмет көрсетуден түсетін түсімдер; 6) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер;
8-бөлім. Қауымдастықты басқару органдарын қалыптастыру тәртібі және олардың құзыреті 27. Қауымдастық мүшелерінің (олардың өкілдерінің) Жалпы жиналысы Қауымдастықтың жоғары басқару органы болып табылады. Қауымдастықтың әрбір мүшесінен өкілдік ету нормасы – бір дауыс беру құқығы бар бір өкіл. 28. Қауымдастық мүшелерінің (құрылтайшыларының) Жалпы жиналысымен сайланған Қауымдастық Төрағасы (жалғыз) басқарушы органы болып табылады. Қауымдастық мүшелерінің (құрылтайшыларының) Жалпы жиналысымен тағайындалған үәкілетті тұлға Қауымдастық атынан Қауымдастық Төрағасымен еңбек шартына қол қояды. 29. Қауымдастық Төрағасы: 1) Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының отырыстарында төрағалық етеді, отырыстарды жүргізеді және Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы отырыстарының хаттмамаларына қол қояды; 2) Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының отырысын сырттай тәртіппен жүргізу туралы шешім қабылдайды; 3) Қауымдастық қызметкерін немесе Қауымдастық мүшесінің өкілін Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының отырысында төрағалық ету міндетін іске асыруға уәкілетті етеді; 4) сенімхат бойынша Қауымдастық мүшесі (мүшелері) атынан оның (олардың) мүддесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, шетелдік және халықаралық ұйымдардың алдында қорғайды, сондай-ақ осы ұйымдармен келіссөздер жүргізеді; 5) Атқарушы комитеттің сандық құрамын айқындайды; 6) Қауымдастық Кеңесінің сандық құрамын бекітеді, оның мүшелерін тағайындайды және өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтатады; 7) Атқарушы комитет пен Бас директордың жұмысын үйлестіреді; 8) Қауымдастық штат кестесін және Қауымдастықтың лауазымды тұлғаларының тізбесін бекітеді; 9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдармен, заңды тұлғалар бірлестіктермен, шетелдік және халықаралық ұйымдармен қатынастарда, Қауымдастық атынан олармен шартқа (келісмге) қол қоюды қоса, бірақ онымен шектелмей, сенімхатсыз Қауымдастық мүдделерін қорғайды және оның атынан сөйлейді; 10) Қауымдастық лауазымды тұлғаларын қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға ынталандыру және тәртіптік шаралар қолданады, олардың лауазымды жалақыларының мөлшерін және жалақыларына жеке үстемақыларды белгілейді; 11) осы жарғының 29-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген ұйымдармен қатынастарда Қауымдастық атынан өкіл болуға құқық беретін сенімхаттар береді; 12) банктерде есеп айырысу және өзге де шоттар ашу туралы шешімдер қабылдайды; 13) Қауымдастықтың құпиялы ақпаратына жататын мәліметтердің тізбесін айқындайды; 14) Қауымдастықтың құрылтай құжаттарына, сондай-ақ Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады; 30. Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы отырысында Қауымдастық Төрағасы болмаған жағдайда, сол отырыста төрағалық етушінің міндеті Бас директорға немесе осы Жарғының 29-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тәртіпте тағайындалған тұлғаға ауысады. 31. Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының айырықша құзіретіне мыналар жатады: 1) Қауымдастықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; 2) Қауымдастық қызметінің басым бағыттарын, оның мүлкін қалыптастыру және пайдалану қағидаттарын айқындау; 3) Қауымдастық Төрағасын сайлау және өкілеттіктерін тоқтату; 4) Қауымдастықтың жылдық қаржылық есептілігін бекіту; 5) жылдық жұмыс жоспарын бекіту және Атқарушы комитет берген ұсыныстардың негізінде оған өзгерістер енгізу; 6) Қауымдастықтың филиалдарын құру және өкілдіктерін ашу; 7) басқа заңды тұлғаларды құру немесе қызметіне қатысу; 8) Қауымдастықты қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешім қабылдау; 9) Қауымдастықтың тарату балансын бекіту; 10) Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының хатшысын сайлау; 11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, құрылтай құжаттармен олар бойынша шешім қабылдау Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысының құзіретіне жатқызылған өзге де мәселелер. 32. Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының хатшысы: 1) Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы отырысының хаттамасын жүргізеді; 2) Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының отырысын сырттай тәртіппен өткізуді қамтамассыз етеді; 3) Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының және Бас директордың тапсырмасы бойынша Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысын өткізумен байлансты өзге де міндеттерді жүзеге асырады. 33. Қабылданған шешімдер бойынша дауыстарды есептеуді бақылау үшін Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы отырысқа қатысушылардың немесе Қауымдастық қызметкерлерінің санына үш адам құрамында Есеп комиссиясын құрады. 34. Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы Атқарушы комитеттің және Бас директордың өкілеттіктерін асыра пайдаланып шығарған шешімдерін бұза алады. 35. Егер Жарғыда өзгеше көзделмесе, жиналысқа оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда, Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы заңды деп есептеледі. 36. Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының: 1) Қауымдастықты қайта ұйымдастыру, тарату туралы; 2) Қауымдастықтың Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы: 3) осы Жарғының 31-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәселе бойынша; 4) осы Жарғының 19-тармағында көрсетілген мәселе бойынша шешімдері Қауымдастық мүшелерінің жалпы санынан 2/3 дауысымен қабылданады. Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының өзге мәселелер бойынша шешімдері отырысқа қатысып отырған Қауымдастық мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс беру: 1 мүше -1 дауыс қағидаты бойынша жүргізіледі. 37. Қауымдастық мүшелерінің кезекті жиналысы жылына кемінде 1 рет және қаржы жылы аяқталғаннан кейін 4 айдан кешіктірілмей шақырылады. Осы мерзімнен бұрын ұйымдастырылған жалпы жиналыстар кезектен тыс болып табылады. 38. Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының кезектен тыс отырыстары қажеттігіне қарай Қауымдастықтың Төрағасының немесе Қауымдастық Кеңесінің бастамасы бойынша – Қауымдастықтың барлық мүшелерін хабарландырған күннен бастап бір айдың ішінде шақырылады. Өтініштің көшірмесінде алу күні белгіленген кезектен тыс Жалпы жиналысты шақыру туралы талабы бар жазбаша хабарландыру алынған күн Хабарландыру күні болып есептеледі. Аталған жазбаша хабарландыруға Қауымдастық Төрағасы немесе уәкілетті еткен тұлға (Қауымдастық қызметкері немесе Қауымдастық мүшесінің өкілі) қол қояды. 39. Қауымдастықта Қауымдастық Төрағасы басқаратын, консультативтік – кеңестік орган болып табылатын Қауымдастық Кеңесі жұмыс істейді. Қауымдастық Кеңесі: 1) Қауымдастық Төрағасы оның қарауына шығарған мәселелер бойынша ұсыныстар береді; 2) Қауымдастық Төрағасының тапсырмасы бойынша Қауымдастық мүшесіне кандидаттардың өтініштерін олардың Қауымдастық міндеттері мен мақсаттарына сәйкестілігін қарайды; 3) Қауымдастық қызметі бойынша ұсыныстар мен консультациялар береді; 4) Осы Жарғыда, сондай-ақ Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысың және Қауымдастық Төрағасының шешімдерінде көзделген өзге де міндеттер атқарады. 40. Атқарушы комитет Қауымдастықты басқарудың атқарушы органы болып табылады. Атқарушы комитет Қауымдастықтың ағымды қызметін басқаруды жүзеге асырады, Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысына есеп береді және оның шешімдерін орындауды ұйымдастырады. 41. Атқарушы комитеттің құзыретіне Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының және Қауымдастық Төрағасының айырықша құзыретіне жатпайтын барлық мәселелерді шешу жатады. 42. Атқарушы комитеттің қызметін басқаруды Қауымдастық Төрағасы сайлайтын және Атқарушы комитет қызметінің нәтижелері мен заңдылығы үшін Қауымдастықтың алдында жауап беретін Бас директор жүзеге асырады. 43. Бас директор: 1) Қауымдастық Төрағасы берген сенімхат негізінде Қауымдастық атынан оның үшінші тұлғалармен қатынастарында олармен шарттарға (келісімдерге) қол қоюды қоса, бірақ онымен шектелмей, іс-қимыл жасайды; 2) Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының, Қауымдастық Төрағасының және Атқарушы комитеттің шешімдерін орындауды ұйымдастырады; 3) Қауымдастықтың лауазымды тұлғаларын қоспағанда, Қауымдастық қызметкерлерін қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға ынталандыру және тәртіптік шараларын қолданады, Қауымдастықтың штат кестесіне сәйкес олардың лауазымдық жалақыларының және оларға жеке үстемақылардың мөлшерін белгілейді; 4) осы Жарғының 29-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, үшінші тұлғалармен қатынастарында Қауымдастықты білдіру құқығын беретін сенімхаттар береді; 5) Қауымдастық қаражатының шегінде Қауымдастық қызметін материалдық-техникалық қамтамассыз етуді жүзеге асырады; 6) Қауымдастық Төрағасымен келісім бойынша жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржылық және материалдық құралдардың қосымша көздерін тартады; 7) Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысына ақша қаражаттарының түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; 8) Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының кезекті және кезектен тыс отырыстарын өткізуді ұйымдастырады, осы отырыстарда хаттамалар жүргізуді ұйымдастырады; 9) Қауымдастық Төрағасының тапсырмасы бойынша Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының шешімімен айқындалған тәртіпте сырттай дауыс беруді ұйымдастырады; 10) Қауымдастық Төрағасының тапсырмасы бойынша Қауымдастық мүшелері Жалпы жиналысының шешімімен айқындалған тәртіпте сырттай дауыс беруіне мәселелер енгізеді; 11) Қауымдастық қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. 44. Бас директор өз өкілеттіктерінің бір бөлігін орынбасарларына немесе өз уәкілетті еткен басқа Қауымдастық қызметкеріне беруге құқылы. 45. Тексеруші Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысы 1 жыл мерзімге тағайындайтын бақылаушы орган болып табылады. 46. Тексеруші қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру бюджетінің дұрыс пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады, Қауымдастық қызметінің ағымдағы және жоспарланып отырған бағдарламаларына баға береді, заңнама мен Қауымдастықтың іщкі құжаттарының талаптарының сақталуын бақылайды.
9-бөлім. Қауымдастықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі. 47. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені Қауымдастықтың кез келген мүшесі, Қауымдастық Төрағасы, Атқарушы комитет немесе тексеруші енгізуі мүмкін. 48. Осы Жарғының 47-тармағында көрсетілген тұлғалар құрылтай құжаттарға ұсынылып отырған өзгерістер мен (немесе) толықтырулардың жобасын оларды енгізу қажеттігін негіздеп, Қауымдастық Төрағасына жібереді, ол Қауымдастық мүшелерінің кезектен тыс Жалпы жиналысын шақырады. 49. Қауымдастық Төрағасы күн тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені енгізеді.
10-бөлім. Есеп және есептілік 50. Қауымдастық Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қызметінің нәтижелері бойынша есепті жүзеге асырады, бухгалтерлік және статистикалық есептілікті жүргізеді. 51. Қауымдастықтың қаржы жылы күнтізбелік жылмен сәйкес келеді.
11-бөлім. Қауымдастықты қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі 52. Қауымдастық ерікті түрде Қауымдастық мүшелерінің Жалпы жиналысының шешімі бойынша және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мен басқа да заңнама актілерінің негізінде сот шешімі бойынша мәжбүрлі түрде қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкін. Тарату комиссиясын қалыптастыру және оның қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасының қолданудағы заңнамасымен реттеледі. 53. Қауымдастықты таратқан кезде оны іске асырудан алынған оның меншігі мен қаражаты оның мүшелерінің кірісіне айналмайды. Қауымдастықтың мүлкі оның қызметін тоқтатқан кезде кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Жарғыда көзделген мақсаттарға жіберіледі немесе ұқсас қызметпен айналысатын ұйымдарға беріледі. 54. Осы Жарғымен реттелмеген басқа да барлық мәселелер бойынша Қауымдастық Қазақстан Республикасының колданылып жүрген заңнамасын басшылыққа алады.
Бас директор Д. Сәрсенов
|