top
top
Жаңалықтар

Талғат ҚАРАШЕВ KAZENERGY қауымдастығының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі атқарушы директоры болып тағайындалды

KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВТЫҢ бұйрығымен Талғат ҚАРАШЕВ «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-ның Атқарушы директоры болып тағайындалды.

Жаңа орында Талғат ҚАРАШЕВ мына мәселелерге жетекшілік етеді:
  • халықаралық ынтымақтастықты дамыту және негізгі халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • KAZENERGY Еуразиялық форумын қоса алғанда, халықаралық сипаттағы ірі іс-шараларды өткізу;
  • Қазақстан Республикасында Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын (EITI) іске асыру;
  • KAZENERGY Ұлттық энергетикалық баяндамасын әзірлеу;
  • Жоғары деңгейдегі ресми сапарларды, кездесулерді және өзге де хаттамалық іс-шараларды ұйымдастыру.
IMG_9381_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.