top
top
Жаңалықтар

Транзит мәселелері жөніндегі техникалық кіші топтың бірінші отырысына қазақстандық делегацияның қатысуы

Энергетикалық Хартия жөніндегі конференцияның 28-сессиясының Энергия тасымалдағыштарын транзиттеу бойынша көп жақты шеңберлі келісімнің мәселесі жөніндегі шешімімен Энергетикалық Хартияның хатшылығына «жұмсақ құқық» құралдары жөнінде келіссөздер жүргізу үшін негіз дайындықты бастау тапсырылған, онда инфрақұрылымға қолжетімділік, энергия тасымалдағыштарының транзитіне деген тарифтер және үлгілік келісімдерді жаңарту мәселелері қаралатын болады. Осы мәселелердің қаралуын барлық энергетикалық тізбекті: экспортерлерді, импортерлерді және транзиттеушілерді қамтитын энергетика ресурстарын транзиттеу мәселесі жөніндегі қайта құрылған техникалық кіші топ отырыстарында зерделеу ұсынылды.

Кіші топ төрағасының лауазымына ҚР Энергетика министрлігінің ұсынымы бойынша және жазбаша рәсімді пайдалана отырып, делегацияның бірауыздан дауыс беруімен Клара Рахметова тағайындалды. Кіші топ төрағасы орынбасарының лауазымына Грузияның Экономика және тұрақты даму министрлігінен Анна Майсурадзе тағайындалды.

Транзит мәселелері жөніндегі техникалық кіші топ 2018 жылғы 16 мамырда өз бірінші отырысын өткізді. Кіші топ Энергетикалық Хартияға шартты (ЭХШ) іске асыру бойынша топты қолдау үшін, энергия ресурстарын кедергісіз транзиттеуін қамтамасыз ету бойынша геосаяси, экономикалық және техникалық ұсынымдар жасау үшін құрылған болатын. Кіші топ Энергетикалық Хартияның Шарт жасап жатқан тараптардан мұнай, газ және электр энергетикасы салаларының өкілдерін біріктіреді.

Бірінші отырыс энергетикалық инфрақұрылымға қол жеткізу және транзиттік тарифтерді қалыптастыру саласындағы тәжірибе мен практиканы талқылау бойынша диалог жасау үшін іргетасын қалады. Кіші топтың Еуропалық Одақтан (ЕО), Түркиядан, Украинадан, Қазақстаннан, Грузиядан, Түрікменстаннан және Қырғызстаннан келген мүшелері трасншекаралы инфрақұрылымдық құбыр жолдары мен жобалар жөніндегі презентациялармен сөз сөйледі, сондай-ақ өз елдеріндегі энергетикалық нормалармен байланысты соңғы оқиғаларды да сөз етті.

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының кеңесшісі Зарипа Қалыхбергенова «Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің магистральді мұнай құбырларының жүйелері бойынша қазақстандық мұнайды тасымалдау» презентациясымен сөз сөйледі.

Тарифтік реттеу департаментінің директоры Дана Ермекова транзиттік тарифтерді қалыптастыру бойынша негізгі ережелерді баян етті.


csm_20180516-Transit4_959e95e4bb.jpg csm_20180516-Transit5_ca6256c274.jpg csm_20180516-Transit6_0615cc4038.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.