top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY алаңында «Қауымдастыққа мүше компаниялардың PR-қызметтерінің баспасөз хатшылары мен қызметкерлерінің алғашқы кездесуі» өтті

29 мамырда KAZENERGY алаңында «Қауымдастыққа мүше компаниялардың PR-қызметтерінің баспасөз хатшылары мен қызметкерлерінің алғашқы кездесуі» өтті. Іс-шараны өткізудің мақсаты БАҚ-қа және Қауымдастық пен оның мүшелері қызметінің SMM –кеңістігіне жариялау бойынша жұмыс байланыстары мен өзара іс-қимыл жасауды кеңейту болды. Кездесуді Қауымдастықтың атқарушы директоры Заңғар Ноғайбай ашты, ол KAZENERGY қызметтің ең кең спектірі бойынша компаниялармен өзара іс-қимыл жасауға ұмтылатындығын атап өтті. PR саласы аса талап етілетін бағыттардың бірі болып табылады. Әсіресе, энергетика саласының, оның ішінде KAZENERGY алаңында өтіп жатқан іс-шараларды жариялау жөніндегі баспасөз қызметтерінің ынтымақтастық орнатуы маңызды.

Қатысушыларды KAZENERGY PR-жұмысының күнделікті пішіміндегі және Еуразиялық Форумды өткізу кезеңіндегі спецификасымен Қауымдастықтың баспасөз хатшысы Служан Исмаилова таныстырып өтті. Қатысушыларға осы саладағы ұйымдар арасында өзара іс-қимыл жасауды тереңдету үшін медиялық құралдар ұсынылды. Атап айтқанда, ақпаратпен алмасу және оны Қауымдастықтың корпоративті сайтына (www.kazenergy.com), SMM – ресурстарына (Facebook, Linkedin), KAZENERGY журналы мен бюллетеніне, сондай-ақ мүше компаниялардың ресурстарына орналастыру.

Сонымен бірге жалпы ақпараттық-имидждік іс-шараларды үйлестіру және өткізу, компаниялардың PR-құрылымдарының кездесуін ұйымдастыру, Қауымдастық жанында PR-клуб құру үшін жалпы ақпараттық база құру ұсынылды.

Кездесуді «GB Media Consult» компаниясының басшысы Гүлнәр Бисари жалғастырды, ол «Салалық компанияларды әлеуметтік медиада жайғастыру» тақырыбына семинар өткізді. Қатысушылар мұнай-газ секторының компаниялары үшін әлеуметтік аккаунттарды жүргізу жөніндегі практикалық ұсынымдар алды. Баяндамада Facebook және Linkedin тақырыптық платформасы шеңберінде KAZENERGY қауымдастығы мүшелерінің өзара іс-қимыл жасау және ақпаратты ілгерілету тиімділігіне салыстырмалы талдау жүргізілді. Сонымен қатар шеберлік класы шеңберінде KAZENERGY XI Еуразиялық Форум бойынша кейстер қаралды.
IMG_9780_.jpg IMG_9853_.jpg IMG_9913_.jpg IMG_9860_.jpg IMG_9776_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.