top
top
Жаңалықтар

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумның Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің күндізгі отырысының баспасөз релизі

2018 жылғы 1 маусымда Астана қаласында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшесі Д.Р. Абулгазиннің төрағалығымен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумның Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің (бұдан әрі – «Атамекен» ҚР ҰКП МГӨК) 25-ші күндізгі отырысы өтті.
«KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Ә.М. Мағауов «Атамекен» ҚР ҰКП МГӨК мүшелеріне хаттамалық тапсырмаларды орындау жөніндегі есепті, сондай-ақ Қауымдастықтың ағымдағы қызметі туралы ақпаратты ұсынды.

Ә.М. Мағауов есепті аяқтай отырып, 2018 жылғы 1-3 қазанда Астана қаласында Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (World Petroleum Council) отырысы (бұдан әрі – ДМК) өтетіндігін хабарлап, отырысқа қатысушыларды осы іс-шараға қатысуға шақырды.

2018 жылғы 2 қазанда осы іс-шара шеңберінде ҚР Энергетика министрлігі және «KAZENERGY» қауымдастығы мемлекеттік органдардың, Астана ХХО, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ, «Қазақстандық шетел инвесторлар кеңесі» қауымдастығының және т.б. басшыларының қатысуымен «Инвестициялық мүмкіндіктер: Тұрақты өсуге арналған жаңа ұрандар» тақырыбына конференция өткізеді.

Сонымен қатар отырыстың күн тәртібіне сәйкес «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы» ҚР Кодексін іске асыруға, жаңа ҚР Салық кодексіне қабылданатын заңға тәуелді НҚА әзірлеуге қатысу және табиғи монополиялар бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс мәртебесіне қатысты есептер де тыңдалды. Мұнай өнімдеріне кеден салықтарының мәселелері қаралды, ол бойынша тиісті НҚА-ға өзгерістер енгізуді келісу процесін жылдамдату тапсырмасы берілді.
Экология заңнамасының мәселелері бойынша «KAZENERGY» қауымдастығы жаңа ҚР экология кодексінің тұжырымдамасын дайындауға қатысты жұмыстың ағымдағы мәртебесі мен жоспарлары туралы ақпарат берді. Талқылау барысында ҚР жаңа экология кодексі тұжырымдамасының жобасын әзірлеу бойынша жұмысын жалғастыру және «Атамекен» ҚР ҰКП МГӨК-ге ағымдағы жағдай жөнінде белгіленген тәртіпте хабарлау туралы шешім қабылданды.

Қорытынды ретінде мамандандырылған ұйымдарға кәдеге жарату үшін тапсырылған бұрғылау қалдықтарын орналыстырғаны үшін қоршаған ортаға эмиссияға төлем түрінде салықтарды заңсыз есептеулерге байланысты маңызды сұрақ болды. Расталған ақпарат бойынша осындай тәжірибе Қызылорда облысында байқалады, сондай-ақ Қазақстанның батыс облысында таралуда. Талқылау барысында «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқармасына Мұнай және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысында осы мәселені шығару мақсатында ҚР Үкіметіне (ҚР ЭМ) өтініш білдіру ұсынылды.

IMG_9959_.jpg
IMG_9994_.jpg
IMG_9981_.jpg
IMG_9973_.jpg
IMG_9997_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.