top
top
Жаңалықтар

Әсет Мағауов ЖЭК жөніндегі саммитке қатысты

2018 жылғы 8 маусымда Астана қаласында Назарбаев орталығында халықаралық индустриалды алаң – жаңартылатын энрегия көздері жөніндегі 2-саммит өтті.
Саммитті өткізу бастамасын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдайды. Саммит Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Іс-шара ағаш отырғызу рәсімімен ашылды, оған Саммит қонақтары қатысты.

ҚР Бірінші энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов, Қазақстанның экология ұйымдарының қауымдастығы басқармасының төрағасы Айгүл Соловьева және басқалар өз баяндамалары мен пікірлерін ұсынды. Сонымен қатар Германиядан, Италиядан, Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Үндістаннан, БАӘ, Армения мен Әзірбайжаннан келген шетел спикерлері де сөз сөйледі.

Алғы сөзін айта келе, Мағауов KAZENERGY қауымдастығы Жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамытуды қолдайтынын атап өтті. Алайда әлеуметтік бағдарлану және дәстүрлі энергетика маңыздылығы туралы ұмытпаған жөн. KAZENERGY бас директорының пікірі бойынша ЖЭК ауқымды құрылысы рентабельді және оның өтелімділігі бар, одан алынатын электр энергиясының құны төмен немесе дәстүрлі электр станциялары өндіретін электр энергиясының бағасына тең болады және электр энергиясы нарығында лайықты түрде бәсекеге түсе алады.

ЖЭК секторын әрі қарай дамыту негізінде экономикалық құрамдасы болуы тиіс. Барынша тиімді және өзіндік құны бойынша шығыны төмен жобалар іске асырылуы қажет.

IMG_0177_.jpg
IMG_0158_.png
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.