«Student Еnergy Сhallenge» зияткерлік командалық байқауын өткізу туралы

«Student Еnergy Сhallenge» зияткерлік командалық байқауын өткізу туралы
«KAZENERGY» қауымдастығы және «Шелл Қазақстан» компаниясы 2017 жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары техникалық мамандықтарының студенттік командалары арасында жыл сайын «Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауын өткізуге бастамашылық жасады. Биыл жоба 16 сәуірде басталды.

Байқау мақсаты: Энергетикалық міндеттерді шешу үшін Қазақстанның студенттік жастары әзірлеген инновациялық жобаларын ынталандыру және қолдау.

Байқау міндеттері:
  • студенттердің кәсіби және тұлғалық әлеуетін дамытуға жағдай жасау;
  • энергетиканың және оған байланысты мәселелердің маңыздылығын ауқымды түрде түсінуді көтермелеу;
  • инженерлік ойлау мен шығармашылықты дамытуды қолдау;
  • байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және өзекті білім алуға жағдай жасау;
  • тәжірибе мен техникалық дағдыларды қазақстандық студенттермен бөлісу.

Байқау бағыттары:
  1. Энергияны генерациялау
  2. Энергияны шоғырландыру
  3. Энергия беру
  4. Энергияны тұтыну

«KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Әсет Маратұлы Мағауов байқау туралы пікірін айта отырып, «Student Energy Challenge» байқауы «Шелл Қазақстан» компаниясымен ынтымақтастықта екінші рет өткізіліп отыр және өткен жылғы тәжірибе көрсеткендей, оны өткізу жастарға салада қолдану үшін шешім жасауға рух беріп, біріктіретіндігіне сенімдіміз. Біз «Шелл Қазақстан» компаниясымен бірлесіп, байқауды дәстүрлі түрде ғана өткізбейміз, байқаудың студенттік жастар арасында қызықты әрі талап етілетін көптеген функциялары бар: бұл онлайн вебинарлар, тренингтер өткізу, жобаларды қорғаудың әртүрлі пішімдері, байқаудың әр деңгейінде командалардың шығармашылық түрде ашылуы кіретін нақты және анық байқау кезеңдері» деп атап көрсетті.

«Шелл Қазақстан» концернінің Төрағасы мен Вице-президенті Оливье Лазар: «Білім саласындағы жобаларды қолдау, атап айтқанда жастарды STEM (ғылым, технология, инжиниринг және математика) нақты ғылымдарды зерделеу бағдарламаларына ынталандыру - біздің компаниямыздың әлеуметтік жауапкершілігінің негізгі бағытарының бірі. Себебі болашақ жастар қолында, Олардың дарыны мен идеялары әлемді өзгерте алады» деп сөз етті.

А.ж. 15 мамырда тіркеуді жабу мерзімінде 48 командадан өтінім келіп түсті, олардың құрамында Қазақстан Республикасының мына оқу орындарының студенттері болды:
  • Алматы энергетика және байланыс университеті;
  • Атырау мұнай және газ университеті;
  • Академик Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты;
  • Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті;
  • Инновациялық Еуразия университеті;
  • Қазақстан-Британ техникалық университеті;
  • Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
  • Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті;
  • Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;
  • Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;
  • «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университеті;
  • Назарбаев Университеті;
  • М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;
  • М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.

Қатысушы командалар KAZENERGY қауымдастығының сайтында тіркеу нысанын толтыру жолымен тіркелді. Бірінші кезеңге өту үшін тіркелген командалар команда және жоба туралы қысқаша бейне-түйіндеме жіберу қажет. Командалардың бейне-түйіндемелерін қарау қашықтықтан командалардың жеке қатысуынсыз жүргізіледі. Іріктеу өткізілгеннен кейін соңғы кезеңге 8 команда өтеді, олар жобасын Дүниежүзілік мұнай конгресінің халықаралық конференциясы шеңберінде Астана қаласында 2018 жылғы 2-3 қазан күні қазылар алқасы алдында қорғауға шақырылады. Қорытынды бойынша 3 команда финалға өтіп, өз жобаларын «Elevator pitch» стилінде таныстырады.

Сонымен қатар студенттік командаларға командалардың барлық қатысушыларымен тиімді өзара іс-қимыл жасап, жобаны іске асыруға дұрыс тәсілді қалыптастыруда жәрдемдесу мақсатында «Ernst & Young Kazakhstan» бизнес академиясының қолдауымен вебинарлар пішімінде шеберлік кластарын өткізу жоспарлануда.

Ұсынылған жобаларды әрі қарай іске асыру үшін жеңімпаз атанған командалар «Шелл Қазақстан» компаниясы атынан ақшалай сыйлықтармен марапатталады: I орын үшін – 10 000 АҚШ доллары, II орын үшін – 5000 АҚШ доллары, III орын үшін – 3000 АҚШ доллары. Сонымен қатар конкурс аяқталған соң 2018 жылғы 4-5 қазанда барлық 8 команда үшін «Ойлаудың жаңа технологиялары» Nxplorers тренингі өтеді.

Байқау туралы ақпаратпен (тіркеу нысаны, ережесі, өткізу кезеңдері, өткен жыл байқауының қорытындысы бойынша буклет) «KAZENERGY» сайтында мына бөлімде танысуға болады: Басты→ Қызметтері→ Білім беру бағдарламасы→Байқаулар (сілтеме: http://kazenergy.com/ru/operation/educational-program/140/1099/).

NXplorers «Ойлаудың жаңа технологиялары» тренингі туралы

«Ойлаудың жаңа технологиялары» NXplorers бағдарламасы жас ұрпақ үшін құралдар мен ерекше дағдыларды ұсынатын мамандандырылған әдістеме. Осы әдістеме ақиқат әлемнің проблемаларын ынтымақтастық негізде және инновациялық және тәртіпаралық тәсілдерді пайдалана отырып, стандартсыз шешу үшін мүмкіндік береді
NXplorers – бұл өзгеріс жаққа қарай қозғалыс және кешенді міндеттерді шешу әдісі:
  • Жүйелеп ойлау – ЗЕРДЕЛЕУ
  • Сценариялық жоспарлау – ҚҰРУ
  • Өзгерту теориясы – ӨЗГЕРТУ

NXplorers тренингі «Шелл» компаниясымен және «Shaping Learning» әзірленді. NXplorer тренингінің әдіснамасына жүйелі ойлау, жоспарлау және сценарийлерді өзгерту теориялары кіреді.
Тренинг Астана қаласында 2018 жылғы 4-5 қазанда өтеді. Аяқталуы бойынша сертификаттар беріледі. Барынша толық ақпарат мына сілтеме бойынша: www.nxplorers.com

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

«KAZENERGY» қауымдастығы еліміздің мұнай-газ және энергетика кешенінің шамамен 80 ірі ойыншысын, оның ішінде өндіруші, көліктік, сервистік, геофизикалық, уран және басқа да трансұлттық және отандық компанияларды біріктіреді.
Қауымдастық тәуелсіз ерікті коммерциялық емес заңды тұлғалар бірлестігі болып табылады, ол Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенін тұрақты және қарқынды дамыту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға жәрдем көрсетеді.

Роял Датч Шелл плс. (бұдан әрі - Шелл) – мұнай және табиғи газды өндіру және барлауға, қайта өңдеу мен маркентингтеуге, сондай-ақ мұнай-химия өнімдерін өндіру және сатуға маманданатын халықаралық энергетикалық концерн. Штаб пәтері Нидерландының Гаага қаласында орналасқан. 90-жылдардың басында компания алғашқы шетел инвесторларының қатарында болды, ол еліміздің көмірсутек ресурстарын бағалауға қатысып, Қазақстандағы өз орнын білдірді және мұнай-газ секторын дамытуда жетекші рөл атқарды. Қазіргі уақытта 15.4 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға инвестицияларды сала отырып, «Шелл» Қазақстан экономикасының ірі шетелдік инвесторларының бірі болып табылады. «Шелл» концерні төрт жобаға қатысады: Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (қатысу үлесі – 16,81%), Каспий теңізінің қазақстандық секторында «Меруерттер» өнімін бөлу туралы келісім (қатысу үлесі – 55%), Қарашығанақ кен орны бойынша өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім (қатысу үлесі – 29,25%) және Каспий құбыр консорциумы (қатысу үлесі – 7,4%).


Комментарий