«Жобалау командасында қалай жұмыс істеу керек» тақырыбында вебинар пішіміндегі шеберлік класы

«Жобалау командасында қалай жұмыс істеу керек» тақырыбында вебинар пішіміндегі шеберлік класы
2018 жылғы 18 маусымда «Шелл Қазақстан» компаниясы және KAZENERGY қауымдастығы ұйымдастырған «Student Energy Challenge» байқауының қатысушылары үшін EY Бизнес академиясының вебинары өтті, ол әрқайсысымызға өзекті және қызықты тақырыптардың бірі «Жобалау командасында қалай жұмыс істеу керек» атты тақырыбын ашып берді.

Осы вебинар «Student Energy Challenge» байқауы шеңберінде қатысушы командалар үшін алғаш дамытушы іс-шара болып табылады. Алдағы уақытта әлі екі вебинар және бір толық екі күндік тренинг болады, олар туралы ұйымдастырушылар командалардың байқау кезеңдерінен өтуі бойынша хабарлап отырады. Вебинар EY Бизнес академиясының оқытушы-консультанты және бизнес-тренері Оксана Шинтемированың жүргізілуімен өтті, ол несие жобалары, қаржылық талдау, жобалар мен тәуекелдерді басқару саласында да маманданады.

Вебинар қатысушыларының командада жұмыс істеу принциптерімен, өзара іс-қимыл жасау ерекшеліктерімен және команда тиімділігінің негізгі факторларымен танысуға мүмкіндіктері болды.


Вебинар кезінде студенттер онлайн режимінде сұрақтар қоя отырып, тақырыпқа белсенді түрде қызығушылықтарын танытты. Осындай оқытушы іс-шаралар өз уақытында икемді түрде жоспарлауға, стационарлы ДК арқылы ғана емес, мобильді құрылғы арқылы да оқуға кез келген жерден қосылуға мүмкіндік береді. Байқаудың жария етілген кезеңдеріне сәйкес конкурсанттарға «Тиімді презентация жасау» атты тақырыбына келесі вебинарды 2018 ж. шілденің ортасында жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар «Student Energy Challenge» байқауының жеңімпаздары «Шелл Қазақстан» компаниясы атынан сыйлықтарға (10 000 АҚШ доллары) ие болатындығын және жастардың сыни ойлау және міндеттерді кешенді түрде шешу дағдыларын дамыту үшін «Шелл» концерні мамандары әзірлеген NXplorers атты екі күндік тренинг (Астана қаласы) өткізілетіндігін еске саламыз.


Қатысушылар пікірлері


«Біздің командамыз, бірінші кезекте, байқау ұйымдастырушыларын, сондай-ақ EY Бизнес академиясын «Жобаларды іске асыру үшін жобалау командасында қалай жұмыс істеу керек» арнайы шеберлік класын өткізгені үшін алғысын білдіреді. Вебинар өте көп ақпарат берді және байқауға қатысқан барлық командалар үшін пайдалы болды, жоғары тиімді команда құруға, топтан команданың айырмашылығына, жанжалды басқаруға, командағы сенімділіктің маңыздылығына және нәтижеге тұрақты бағдарлануға қатысты тақырыптар қамтылды. Q&A туралы атап өткен жөн — жақсы ұйымдастырылған, оқытушы қойылған сұрақтарға толық, нақты жауаптар берді. Байқау шеңберінде бізде өз ісін білетін мамандардың осындай қызықты және пайдалы оқу іс-шараларына қатысуға әлі де мүмкіндігіміз болтындығына сенімдіміз».

«F.O.C.U.S.» командасы Назарбаев Университеті



«Жобалау командасында қалай жұмыс істеу керек» вебинарына қатысу барысында көп ақпарат алынды. Ақпараттың бір бөлігі сессияға дейін белгілі болғанға қарамастан, дәріс команда қатысушылары арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа техникасын енгізуге мүмкіндік берді. Осы ақпараттық сессияның аталған тақырып бойынша түбегейлі айырмашылығы – бұл әр команда мүшесінің қызметі салаларының қатаң регламентациясы арасындағы теңгерімге қол жеткізу жөніндегі ұсыным. Біздің вебинардан алған әсерімізді қысқаша түйіндесек, оның пайдасының басты көрсеткіші – алынған білімді жұмыс процесіне дереу іске қосуға ұмтылысымыз».

«Association of Innovators» командасы Алматы энергетика және байланыс университеті



«New Vision of the Future» студенттік командасы (М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) «Жобалау командасында қалай жұмыс істеу керек» вебинарына қатысу мүмкіндігі үшін шын ризашылығын білдіреді. Аталған тақырып түсінікті әрі толық ашылды. О. Шинтемирова – керемет спикер, 2 сағат ішінде әр қатысушыға материалды түсінікті және сауатты түрде жеткізді, аудиториямен байланыста болды, сұрақтарға жауап берді. Біздің алған біліміміз бен дағдыларымыз жобамен жұмыс жасауда пайдаланылатын болады, жоғары тиімді команданың негізгі факторлары байқауда жеңіске жетуге септігін тигізетіндігіне және біздің зерттеуімізге назар аудартатындығына үміттенеміз. Қалған вебинарларға міндетті түрде қатысатын боламыз».

Е. Нетесова, команда капитаны



«Командалық жұмысқа арналған вебинар өте қызықты және пайдалы болды. Алғашқы көзқарас бойынша талқыланып жатқан тақырыптар мен дағдылар әр адамға интуитивті деңгейде таныс екендігіне қарамастан, осы вебинарда талқыланып жатқан негіздермен таныс болмай, команда жобаны орындауда жеңіліске ұшырауы мүмкін. Әсіресе, жобаны талдау және жоба бойынша жоспарланған жұмысты талдау арасын көрнекі түрде саралау пайдалы болды. Осы вебинар арқасында біздің командамызға жұмыстың иерархиялық құрылымы арқылы жоспарланған жұмысты құрылымдауға мүмкіндік береді, бұл, біздің көзқарасымыз бойынша, өнімділікті барынша арттырады».

«NU Generation» командасы Назарбаев Университеті



«Жобалау командасында қалай жұмыс істеу керек» вебинарында бес негізгі тармақ қаралды. Барлық тармақтар жеке-жеке түсіндірілді. Команда құру мақсаттары мен міндеттері және жобалау командасымен қалай тиімді жұмыс істеу қажет туралы толық түсінік пайда болды. Командада, ең бастысы, толық сенімділік болуы қажет және бір-бірінің пікіріне құлақ асу қажет екендігін түсіндік. Зиянды жанжалдардың алдын алуға, оларды конструктивті диалогқа трансформациялап, командада бір-бірін құрметтеуге үйрену қажет. команданы дамытудың өз кезеңдері бар, олардың негізінде бір командада жоғары тиімді адам болуға ұмтылу қажет».

«Energy force» командасы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті



Комментарий