top
top
Жаңалықтар

Әйелдер бизнесі – даму перспективалары

2018 жылғы 20 маусымда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі шеңберінде ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің жыл сайынғы «Әйелдер бизнесі – даму перспективалары» конгресі өтті, олардың құрамында KAZENERGY қауымдастығының өкілдері де болды.

Іс-шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Ләззат Рамазанова, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде Тимур Құлыбаев әйелдердің мемлекет экономикасына қосқан үлкен үлестерін, сондай-ақ кооперацияларды құрудың өзектілігін атап өтті. Ол Ұллтық палата әйелдер кәсіпкерлігіне ұйымдастыру және қаржылай жағынан жан-жақты қолдау көрсететіндігін айтты. Бизнес негіздерін оқытуға, қысқаша мерзімде жаңа мамандықтарды игеруге аса көңіл бөлінетін болады. Конгресс жұмысының қорытындсы бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП және ERG Еуразия Тобы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және қолдау мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Құжатқа Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Ләззат Рамазанова және ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич қол қойды.

Меморандумға сәйкес Еуразия Тобы «Атамекенге» қайтару негізде қаржылай қолдау көрсетеді. Қаражат Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға бағытталатын болады. Қол қойылған құжаттар өндірісті қосымша ынталандыру және нарықты тауарлар мен көрсетілетін қызметтермен толтыру, сондай-ақ жаңа бастап келе жатқан бизнес вумендерге өз ісін жүргізуде тәжірибе алуға жәрдемдесу үшін әйелдер кәсіпкерлігі субъектілеріне микро несие берудің тиімді жүйесін құруға септігін тигізеді.

crop_ta_1529498975.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.