top
top
Жаңалықтар

Алмасадам Майданұлы САТҚАЛИЕВ «KAZENERGY» ЗТБ Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы Тимур Асқарұлы ҚҰЛЫБАЕВТЫҢ бұйрығымен Алмасадам Майданұлы САТҚАЛИЕВ 2018 жылғы 3 шілдеден бастап «KAZENERGY» ЗТБ Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.


Алмасадам Майданұлы Сатқалиев 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде механик, қолданбалы – математик мамандығын тәмамдады. 2015 жылы Назарбаев Университетінде Жоғары бизнес мектебін Executive MBA (Duke University’s Fuqua School of Business бірлескен бағдарлама) бағдарламасы бойынша оқыды.

2016 жылы Stanford Executive Program бағдарламасы бойынша Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін аяқтады. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі, WEC Қазақстандық комитетінің төрағасы (Дүниежүзілік энергетика кеңесі). «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «KAZENERGY қауымдастығына 10 жыл» мерейтой медальдарымен марапатталды. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғысхаты және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.К. Мәсімовтың алғысхаты бар. «ТМД еңбегі сіңген энергетигі», «Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» деген атақтарға ие.

Өзінің еңбек қызметін А.М. Сатқалиев 1992 жылдан бастады – «ТаССаТ» ЖШС директоры.
  • 1997 жылдан бастап – «ҚазТрансОйл» МТҰК АҚ менеджері, клиринг департаментінің бастығы, жобаларды басқару департаментінің бастығы.
  • 1998 жылдан бастап – «ҚазТрансОйл» МТҰК АҚ басқарушы директоры, экономика бойынша вице-президенті.
  • 2001 жылғы қаңтардан бастап – «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясында қаржы директоры, экономика бойынша вице-президенті.
  • 2003 жылғы қарашадан бастап– «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясының бірінші вице-президенті.
  • 2006 жылдан бастап – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының электр энергетикасы активтерін басқару жөніндегі директоры.
  • 2007 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі.
  • 2007-2011 жж. «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ бірінші вице-президенті, Басқарма Төрағасы-Президент.
  • 2011-2012 жж. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры,
  • 2012-2018 жж. «Самұрық Энерго» АҚ Басқарма төрағасы.


DSC_6248_.jpg


Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.