top
top
Жаңалықтар

Әсет Мағауов Kazakhstan Global Investment Roundtable қатысты

Ағымдағы жылғы 3 шілдеде KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Ә.Мағауов Kazakhstan Global Investment Roundtable инвестициялық форумының негізгі іскерлік бағдарламасының шеңберінде дөңгелек үстелінің спикері болып сөз сөйледі.

Осы форумды ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев шақырған болатын және ол халықаралық инвесторлар мен мемлекеттік құрылымдардың диалогтық алаңына айналуға бағытталған, оның базасында қатысушылар инвестициялар саласында Қазақстан саясатын, инвестициялық мүмкіндіктерді, экономикалық өсім мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру стимулдарын талқылай алады.

Оған халықаралық және қазақстандық коммерциялық және қаржы секторларының 650-ден астам өкілі, инвесторлар, пікір көшбасшылары мен халықаралық БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «Қазақстанның энергетикалық әлеуеті – жаңа даму кезеңдеріне жасалатын инвестициялар» тақырыбындағы дөңгелек үстелді ашты, ол Қазақстанға ірі инвестицияларды тартуда отын-энергетика секторының ерекше рөлін атап өтті.

KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов өз баяндамасында жаңа инвестициялардың ағымы үшін икемді, ең бастысы тартымды жағдайлар жасаудың маңыздылығын белгіледі. Ол нәтижесі жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы жаңа кодекс, жаңа Салық кодексі болған, жер қойнауын пайдаланушылар үшін заңнама базасын өзектендірумен байланысты жүргізілген жұмыс туралы сөз етті. Сонымен қатар дискуссия барысында ол Экологиялық кодексті әзірлеу және мұнай өнімдерінің нарығын ынталандыру және жетілдіру бойынша шаралар кіретін, алдағы маңызды бастамалар тұрғанын да айта кетті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар құрамында SkyPower Global президенті және Бас атқарушы директоры Керри Адлер, IHS Markit вице-төрағасы Даниэл Ергин, «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Исказиев, AMEA Power атқарушы директоры Вену Намбьяр, The Dow Chemical Company Еуропада мемлекеттік басқару директоры Говард Чейз сияқты беделді сарапшылар мен инвестициялық қорлардың өкілдері болды.

95069a_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.