top
top
Жаңалықтар

«Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» семинар-кеңесінің
баспасөз релизі

Ағымдағы жылғы 20 шілдеде ПетроКазахстан Ойл Продактс (Шымкент қаласы) алаңында «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңеске мұнай-газ саласының әлеуметтік әріптестік тараптары, ҚР Энергетика министрлігінің, KAZENERGY қауымдастығының, Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы мен Химиялық, мұнайхимиялық және өндірістің туысқан салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының өкілдері қатысты.

Семинар-кеңестің күн тәртібінде әлеуметтік әріптестік қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы еңбек қатынастарын реттеу мәселелерін талқылады.
ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Б.Маханов мемлекеттік орган жанындағы Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның қызметімен таныстырып өтті.

KAZENERGY қауымдастығы атынан семинар-кеңестің жұмысына Л.Казембекова қатысты және «2017-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімнің негізгі бағыттары» тақырыбына баяндама жасады. Баяндамада Салалық келісім шеңберінде жұмыс берушілердің алдында тұрған міндеттері, Салалық келісім қолданылу мерзімі, әлеуметтік әріптестік тараптарының өзара қарым-қатынастары мен міндеттемелері, Салалық келісімнің орындалуын бақылау, тараптардың жауапкершілігі мен Салалық келісімге, әсіресе, осы жылы қабылданған екі қосымша келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі сияқты мәселелер сөз етілді.

Еңбек ақысын төлеудің негізгі принциптерін реттейтін екі қосымша келісім туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылды: 2018 жылғы 9 қаңтардағы бірінші разряд жұмыскерінің бір айлық тарифтік мөлшерлемесінің (жалақысының) ең төменгі мөлшері туралы мәселесі бойынша өзгерістер енгізу туралы №1 қосымша келісім; 2018 жылғы 21 маусымдағы мұнай-газ саласында разрядаралық коэффициенттердің шекті (ең төменгі) мәнін белгілеу туралы №2 қосымша келісім.

Сонымен қатар семинар-кеңесте Салалаық келісім шеңберінде өткізілетін кәсіптік одақтар қызметі, ұжымдық шарттар жасасу ерекшеліктері мен мақсаттары, ұжымдық еңбек қақтығыстарын шешу әдістері, ұжымдық шарттар арқылы еңбекшілердің құқықтарын сақтау және т.б. туралы сөз етілді. Сонымен бірге іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілі А.Қасенова қатысты, ол «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ компаниясының тобында жүргізілетін әлеуметтік саясаты туралы баяндама оқыды.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар еңбек ұжымдарында әлеуметтік саясаты жұмысын жақсарту және әлеуметтік диалогты дамыту, сондай-ақ мұнай-газ саласының кәсіпорындарында ұжымдық шарттарға қол қою бойынша ұсынымдар берді.

Салалық комиссияның тиімді жұмысы, Салалық келісім мазмұны мен мүмкіндіктерін жақсарту үшін әлеуметтік әріптестер республика өңірлерінде Салалық келісімнің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізді:
  • 2017 жылғы мамыр айынан бастап Ақтөбе, Қызылорда, Ақтау қалаларында 3 семинар-кеңес өткізілді;
  • 2018 жылы Атырау, Орал, Павлодар, Шымкент қалаларында 4 семинар-кеңес өкізілді.
Осы семинар-кеңеске жұмыс беруші өкілдері мен мұнай-газ сектор кәсіпорындарының басшылары, Қазақстан кәсіподағы федарациясы жанындағы оқу орталығы, облыстардың кәсіподақ орталықтарының басшылары, Салалық кәсіподақтардың жергілікті кәсіподақ ұйымдарының басшылары тартылды.

Семинар-кеңестерді өткізу саладағы проблемалы әлеуметтік-еңбек мәселелерін талқылау үшін алаңға айналды. Өткізу барысында кеңес қатысушылары 200-ден астам мәселені қозғады, олар, көбінесе, еңбек ақысына, әлеуметтік төлемдер, жоғарылатылатын разрядаралық коэффициенттер мен еңбек ақының минималды тарифтеріне және т.с.с. қатысты болды.


06dd86d0-a722-45eb-9204-ce8706b08fcc.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.