«STUDENT ENERGY CHALLENGE» байқауының келесі кезеңіне қатысу үшін сегіз команда іріктелді

«STUDENT ENERGY CHALLENGE» байқауының келесі кезеңіне қатысу үшін сегіз команда іріктелді
«Student Energy Challenge» байқауының жартылай финалистері – 8 студенттік команда белгіленді, финалдық кезеңі Астана қаласында а.ж. 2-3 қазанда өтеді.
Қатысушы командалардың бейне түйіндемелерін ұйымдастырушылар қатарынан іріктеу комиссиясы қарады. Бағалау қорытындысы бойынша мына командалар келесі кезеңде қатысу үшін байқауға қатысушылар тізіміне кірді:

«Association of Innovators» командасы:
ЖОО: Алматы энергетика және байланыс университеті
Жоба бағыты: «Энергияны тұтыну»
Жоба тақырыбы: «Ірі коммерциялық объектілерде ресурс үнемдеуші жүйелерді қолдану»

«Quadra» командасы
ЖОО: Назарбаев Университеті
Жоба бағыты: «Энергия беру»
Жоба тақырыбы: «Smart Grid технологиялары»

«NU SynGas» командасы
ЖОО: Назарбаев Университеті
Бағыты: «Энергия генерациясы»
Жоба тақырыбы: «Пиролиз және газдандыру әдісі арқылы көмір мен тұрмыс қалдықтарын қайта өңдеу».

«Chemical Energy» командасы
ЖОО: Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Бағыты: «Энергияны тұтыну»
Жоба бағыты: «Химиялық реакциялар энергетикасын пайдаланатын каталитикалық реактор және кумол алудың қалдықсыз технологиясы».

«Қазына» командасы
ЖОО: Академик Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
Бағыты: «Энергияны тұтыну»
Жоба тақырыбы: «Технологиялық процестерді басқаруда, оның ішінде мұнай-газ саласында өздігінен бапталатын реттегіштерді құру».

«KBTU United» командасы
ЖОО: Қазақстан-Британ техникалық университеті
Жоба бағыты: «Энергия генерациясы»
Жоба тақырыбы: «Қалдықтардан энергия тұтыну. Қалалық кәріз ағындарынан энергия алу»

«Next generation» командасы
ЖОО: Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті
Жоба бағыты: «Энергияны шоғырландыру»
Жоба тақырыбы: «Балама көздерден энергия алу»

«OilDreams» командасы
ЖОО: Атырау мұнай және газ университеті
Жоба бағыты: «Энергия генерациясы»
Жоба тақырыбы: «Энергия жел қондырғыларының жүйесі – болашаққа апарар жаңа жол»

Жоғарыда аталған командалар 2018 жылғы тамыз айына дейін өз жобалық ұсыныстарын қазылар алқасы мүшелерінің қарауына ұсынады.
«Student Energy Challenge» байқауының жеңімпаздары «Шелл Қазақстан» компаниясынан сыйлыққа ие болатындығын (10 000 АҚШ долларына дейін) және сыни ойлау дағдыларын дамыту және міндеттерді кешенді шешу үшін «Шелл» концернінің мамандары әзірлеген екі күндік NXplorers (Астана қаласында) тренингіне қатыса алатындығын еске саламыз.
Ұйымдастырушылар байқаудың іріктеу кезеңіне қатысқан барлық командаларға алғыс білдіреді және барлықтарын 2018 жлғы 2-3 қазанда командалардың жобаларын тыңдауға және KAZENERGY Жастар конференциясына қатысуға шақырады (барынша толық ақпарат: http://wpc-astana.kz/ru/about-the-kazenergy-youth-conference сілтемесі бойынша).



Рисунок1.jpg
Комментарий