top
top
Жаңалықтар

«KAZENERGY» қауымдастығының Еңбек заңнамасы мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы

2018 жылғы «KAZENERGY» қауымдастығының алаңында «KAZENERGY» қауымдастығының Еңбек заңнамасы мәселелері жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) отырысы өтті.

Жұмыс тобының отырысына «KAZENERGY» қауымдастығының мүшелері және «Эрнст энд Янг Қазақстан» ЖШС компаниясының өкілі қатысты.

Мына мәселелер талқылануға шығарылды: еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу материалдарын ресімдеу тәртібі бөлігінде «Қазақстан Республикасының еңбек мәселелері жөніндегі кейбір заңмалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасы; Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде вахталық жұмыс әдісі және вахтааралық демалыс кезеңіндегі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы; «Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері» 23-бабы шеңберінде жұмыскерлердің алдын ала міндетті медициналық тексерілуден өтуі туралы ұсынған құжаттарынының түпнұсқалылығын тексеру туралы жаңа норма; атқарушы орган басшысының, заңды тұлғаның алқалық атқарушы органы мүшелерінің, немесе атқарушы органның жекелеген мүшесі өкілеттіктерін алып тастау немесе «мерзімінен бұрын» сөзін алып тастау бөлігінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу жағдайы; 130-бабының 2-тармағына «газ бөлуші жүйелер» сөздерін енгізуді қарау және еңбек заңнамасына қатысты басқа да мәселелер.

Осы жұмыс Қазақстан Республикасы кәсіподақтары федерациясының, мелекеттік органдардың, Қауымдастықтың мүдделі мүшелерінің қатысуымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Еңбек заңнамасының құқық қолдану тәжірибесін талдау жөніндегі сараптау тобы шеңберінде жалғасатын болады.


45.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.