top
top
Жаңалықтар

ЖЖМ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін

ЖЖМ қамтамасыз ету және оның бағасы далалық жұмыстарды жүргізу кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер (АШТӨ) үшін барынша маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

ҚР ОКҚ алаңында Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Болат АҚШОЛАҚОВ, KAZENERGY қауымдастығының мұнай-газ және энергетика саласын дамыту жөніндегі атқарушы директоры Рүстем ҚАБЖАНОВ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры Қуандық КУЛМУРЗИН, «Petroleum Operating» ЖШС бас директорының орынбасары Асхат ҚАЛИАҚПАРОВ, «Petrosun» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Нұржан САРТБАЕВ осы жылы АШТӨ үшін жеткізілетін дизельді отынның көлемі қандай, ЖЖМ бағасы қалай орнығып жатқандығы, Қазақстанда егін егу және егін жинау кезінде дизельді отынға бағаларды мемлекеттік реттеу жүйесі жасау-жасамауы жөнінде сөз етті.

Мәселен, Болат Ақшолақов «биыл көктемгі жұмыстар кезінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өтініштері бойынша жалпы 375 мың тонна дизельді отын бөлінген болатын, біздің тарапымыздан толық өтелді. Күзгі жеткізілімге 394,4 мың тонна көлемге өтініш берілді, ол да шілде айынан бастап ай бойынша бөлінді» деп атап көрсетті. Вице-министр Қазақстанда мұнай өнімдеріне, оның ішінде дизельді отынға бағаны мемлекеттік реттеу жүйесі жоқ екендігін де атады. Бұл ретте баға белгілеудің нарықтық сипатына қарамастан, өндіруші компаниялар әлеуметтік жауапкершілік танытады және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер сұрататын отын көлемі нарыққа төмендетілген баға бойынша жетізіледі. «Бұл бизнес өкілдерінің еркін білдіруі» деп түсіндірді Ақшолақов. Олардың ұсынған деректері бойынша Қазақстан қыркүйекте шамамен 4,5 млн. дизельді отын (жалпы тұтыну деңгейінен 90% дерлік) өндіретін болады.

KAZENERGY атқарушы директоры Рүстем Қабжанов соңғы жылдары белгіленген шикізат мұнай нарығындағы бағаның айтарлықтай құбылуына қарамастан, мұнайшылар қазақстандық тұтынушылар алдында өз міндеттемелерін, көбінесе, шығындарды өз есебінен жаба отырып, толық көлемде орындағаны жөнінде сөз етті. Барлаудан, қайта өңдеуден және жеткізуден ЖЖМ өндіру процесі барынша шығынды болғанына қарамастан, уақтылы тиелді және дизотын бағасы нарықтағы бағаға қарағанда төмен болды, бұл мұнай компанияларының экономикасына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері», «Petroleum Operating» және «Petrosun» атты мұнай өнімдерінің ірі ресурс ұстаушы компанияларының өкілдері дизельді отынды тиеу графигі және оның бағасы жөнінде айтты. Олар дизельді отынның орташа бағасы шамамен, литр үшін 161-167 теңгені құрайтындығын айтты, бұл нарықтағы бағаға қарағана айтарлықтай төмен. Сонымен қатар көршілес жатқан Ресейде дизель бағасы жоғары екендігін байқауға болады және бұл да Қазақстандағы ЖЖМ-ге бағаны белгілеуге ықпал етеді. Бұл ретте АШТӨ үшін дизотынның соңғы бағасы өңірлік атқарушы органдар өткізетін ЖЖМ сату тендерлерінің жеңімпаз оператор-компанияларының баға жөніндегі саясатқа байланысты болады. Осылайша, дизельді отынның соңғы құны жөніндегі мәселе ЖЖМ көтерме өнім берушілерінің ықпал ету алаңынан тыс.

Астана, ҚР ОКҚ
2018 жылғы 07 тамыз

IMG_0996_.jpg

SCK_0736_.jpg

IMG_1009_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.