top
top
Жаңалықтар

Дүниежүзілік мұнай кеңесінің отырысы. 2-күн

Астана қаласы
Хилтон қонақ үйі

2 қазанда Астана қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік мұнай кеңесінің шеңберінде «Инвестициялық мүмкіндіктер: тұрақты өсу үшін жаңа шешімдер» конференциясы өтті. Іс-шара ұйымдастырушылары KAZENERGY қауымдастығымен бірлесіп, ҚР Энергетика министрлігі болды.

Негізгі спикерлерінің бірі ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президенті Тор Файеран, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаттылық қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алик Айдарбаев, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин, PricewaterhouseCoopers Strategy&Россия әріптесі Ирина Гайда болды.

Конференция алаңында тұрақты энергия көздерін тиімді басқарумен, энергоресурстарды өндіруді, сақтауды және пайдалануды бақылаумен, энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етумен, климатты өзгертумен және көмірқышқыл газ шығарындыларын төмендетумен, баламалы энергия көздерін пайдалануды ынталандырумен, энергия тиімділігі бойынша бағдарламаларды енгізумен, «ақылды» энергетикамен, уран және атом саласын инновациялық дамытумен байланысты мәселелер мен проблемалар талқыланды.

ДМК ауқымды медиа бағдарламасының шеңберінде баспасөз конференциясы өтті, оған ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президенті Тор Файеран, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаттылық қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алик Айдарбаев, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин қатысты. Файеран мырза ДМК отырысын ұйымдастырушыларға жақсы дайындалған іс-шара үшін алғысын білдірді, сондай-ақ қатысушыларға астаналық отырыс шеңберінде көтерілген мәселелер туралы сөз етті. Қанат Бозымбаев, өз кезегінде, ДМК басшысына белсенді әрі жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын айтып, Қазақстанның мұнай-газ секторын дамыту үдерістері туралы айтты. БАҚ өкілдері алдында KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин ДМК Қазақстандық ұлттық комитетінің ұйым қызметіне қосқан үлесі туралы сөз етті. Ол Қазақстанда Дүниежүзілік мұнай кеңесі отырысын екінші рет өткізілуі ДМК атқарушы комитетінің жоғары сенімділігін және ҚҰК ұйымның жұмысына қосқан үлесін растайды. ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев соңғы жылдары еліміздің инвестициялық тартымдылығы айтарлықтай артқандығын атап өтті. Өткен жылы қабылданған Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс және жаңа Салық кодексі инвестициялық тартымдылықты жақсартуға бағытталған.

2018 жылғы 1-3 қазан аралығында Астана қаласында Дүниежүзілік мұнай кеңесі (World Petroleum Council) (бұдан әрі – ДМК) отырысы өтіп жатқандығы туралы естеріңізге саламыз. Оған ДМК-ға мүше елдердің ұлттық комитеттерінің басшылары мен делегациялары, 30 елден келген ірі халықаралық салалық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдері мен ірі трансұлттық компаниялар басшылары, сондай-ақ ОПЕК мүшелері қатысады. Мүше елдердің ұлттық комитеттерінің өкілдері ұйым қызметі, мұнай-газ нарығын дамыту үдерістері, инновациялық технологиялар, дүниежүзілік энергетикалық ресурстарын пайдалану туралы талқылайды.

ДМК бағдарламасымен ДМК кеңесінің отырысын өткізу жоспарланған, ол жыл сайын мүше елдердің бірінде өткізіледі және барлық делегаттардың қатысуымен ұйымның қорытынды іс-шарасы болып табылады. Бұдан басқа Атқарушы және Бағдарламалық комитеттерінің отырыстар, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен гендерлік саясатты дамыту мәселелері бойынша бірлескен сессия және жастар комитетінің арнайы іс-шарасы өтеді.

Баспасөз орталығы
KAZENERGY қауымдастығы
(7172) 790181; 790173 8 7019998712; 8 7750009423
 s.ismailova@kazenergy.com,
asselyamd@gmail.com


_DSC7043_.png
_DSC7002_.png
_DSC7046_.png
_DSC7087_.png
_DSC7149_.png
_DSC7156_.png
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.