top
top
Жаңалықтар

«STUDENT ENERGY CHALLENGE» ЗИЯТКЕРЛІК КОМАНДАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ СОҢҒЫ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

2 қазанда Астанада «Student Energy Challenge» байқауының соңғы кезеңіне өткен командалар қазылар алқасы алдына өз жобалау жұмыстарын ұсынды.

«Шелл Қазақстан» компаниясымен және «KAZENERGY» қауымдастығымен өткізіліп жатқан байқау мақсаты ҚР техникалық оқу орындарынан келген командаларды энергетикалық міндеттерді шешуді әлеуетті түрде қамтамасыз ете алатын инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту болып табылады.

Байқауға «KAZENERGY» қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ұ.С.Қарабалин қатысып, командаларға сәттілік тіледі. Байқау туралы пікірін айта келе, Қазақстанда «Шелл» концернінің төрағасы Оливье Лазар мырза: «Student Energy Challenge» байқауын екінші жыл өткізіп жатырмыз және студенттік жастардың әлеуетін ашу, сараптау қоғамдастығымен өзара іс-қимыл жасау және тәжірибе алмасу үшін қажетті платформа болады деп санаймыз. Барлық қатысушыларға «Шелл» концернінің сарапшылары сыни ойлау және міндеттерді кешенді шешу дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырған тренингке қатысу мүмкіндігі беріледі, бұл жас мамандарға өз жобаларын іске асыру кезінде көмек беретіндігі сөзсіз» деп атап өтті.

«KAZENERGY» қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ұ.С.Қарабалин: «Student Energy Challenge» байқауы – бұл студенттер үшін өз пікірлестерін таба білуге, жобалық командаға бірігуге, кәсіпқойлықтарының алғашқы дағдыларын көрсете білуге мүмкіндік. Біз осындай іс-шараларға қатысу жастарды жаңа жаңалықтар ашуға қосымша ынталандыратындығына сенеміз» деп қосты.

7 ай ішінде Атырау, Орал, Алматы, Ақтау және Екібастұздан келген 8 студенттік команда өз жобаларымен жұмыс жасады және қорытынды қорғау барысында әр команда жобасының ең лайықты және оны әрі қарай дамытуға әлеуеті бар екенін дәлелдеуге тырысты.

Финалист командалар белгілі бір критерийлер бойынша жазбаша жұмыстарды бағалау және байқау барысында жобаларын қорғау қорытындысы бойынша анықталды.

Қазылар алқасы мүшелері – «Каспий құбыр желісі консорциумы» АҚ ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі бас директорының орынбасары К.М.Кабылдинге, «Шелл Қазақстан» компаниясының бас директоры Б. Хазелаарға, «Шелл Қазақстан» жаңартылатын энергия көздері жөніндегі жоба жетекшісі Х. Синдуға, «Ғылым қоры» АҚ Сараптау департаментінің директоры Л.А. Мылтықбаеваға, «Самұрық-Энерго» АҚ «Генерация және Отын» департаментінің директоры Б.К. Исеновқа алғыс білдіреміз.

Жобалық жұмыстар перезентациясының қорытындысы бойынша финалист командалар:
  • «Association of Innovators» (Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері «Ірі коммерциялық объектілерде ресурс үнемдеуші жүйелерді қолдану» жобасымен);
  • «KBTU United» (Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенттері «Қалдықтардан энергия өндіру. Қалалық кәріз ағындарынан энергия алу» жобасымен);
  • «NU SynGas» (Назарбаев Университетінің студенттері «Қатты қалдықтарды газдандыру» жобасымен);
  •  «Quadra» (Назарбаев Университетінің студенттері «Машиналық оқыту технологиясын қолдана отырып, желі жүктемесін болжау» жобасымен.

Ертең 2018 жылғы 3 қазанда (11:30-дан 12:10-ге дейін) «Хилтон-Астана» қонақ үйінің Қашаған залында финалист командалар өз жобаларын «еlevator pitch» стилінде қорғайды және олардың арасында сыйлықты орындар белгіленетін болады.

Байқау жеңімпаздарын «Шелл Қазақстан» компаниясынан сыйлықтар күтеді, 1 орын – 10000 АҚШ доллары, 2 орын – 5000 АҚШ доллары және 3 орын – 3000 АҚШ доллары.

Байқау қорытындысы бойынша а.ж. 4-5 қазанда барлық 8 команда үшін «NXplorers» екі күндік тренинг ұйымдастырылады. Тренинг бағдарламасын «Шелл» компаниясы әзірледі және оған жүйелі ойлау, сценирийлік жоспарлау тәсілдері және өзгеріс теориялары кіреді. Барлық қатысушылар қатысу сертификаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Біз байқаудың барлық қатысушыларын, әсіресе, финалға өткен командаларды құттықтаймыз.

_Z2A0179_.jpg
_Z2A0334_.jpg
_Z2A0310_.jpg
_Z2A0589_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.