top
top
Жаңалықтар

STUDENT ENERGY CHALLENGE БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Бүгін, 2018 жылғы 3 қазанда KAZENERGY қауымдастығының «Ұрпақ энергиясы (білім беру, жұмыспен қамту, сенімділік және алуан түрлілік)» жастар конференциясында «Шелл Қазақстан» компаниясы мен KAZENERGY қауымдастығы «Student Energy Challenge» байқауының жеңімпаздарын жариялады.

Олар:
  1. «KBTU United» (Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенттері «Қалдықтардан энергия өндіру. Қалалық кәріз ағындарынан энергия алу» жобасымен). 
  2. «NU SynGas» (Назарбаев Университетінің студенттері «Қатты қалдықтарды газдандыру» жобасымен); 
  3. «Association of Innovators» (Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері «Ірі коммерциялық объектілерде ресурс үнемдеуші жүйелерді қолдану» жобасымен).
Байқау жеңімпаздары 1 орын – 10000 АҚШ долларына, 2 орын – 5000 АҚШ долларына және 3 орын – 3000 АҚШ долларына ие болды.

Екі күн ішінде қазылар алқасы мүшелері – «Каспий құбыр желісі консорциумы» АҚ ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі бас директорының орынбасары К.М.Кабылдин, «Шелл Қазақстан» компаниясының бас директоры Б. Хазелаар, «Шелл Қазақстан» жаңартылатын энергия көздері жөніндегі жоба жетекшісі Х. Синду, «Ғылым қоры» АҚ Сараптау департаментінің директоры Л.А. Мылтықбаева, «Самұрық-Энерго» АҚ «Генерация және Отын» департаментінің директоры Б.К. Исенов үш ең үздік командасын іріктеді. Байқау туралы пікірін айта келе, Қазақстанда «Шелл» концернінің төрағасы Оливье Лазар мырза: «Student Energy Challenge» байқауын екінші жыл өткізіп жатырмыз және студенттік жастардың әлеуетін ашу, сараптау қоғамдастығымен өзара іс-қимыл жасау және тәжірибе алмасу үшін қажетті платформа болады деп санаймыз. Барлық қатысушыларға «Шелл» концернінің сарапшылары сыни ойлау және міндеттерді кешенді шешу дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырған тренингке қатысу мүмкіндігі беріледі, бұл жас мамандарға өз жобаларын іске асыру кезінде көмек беретіндігі сөзсіз» деп атап өтті.

«KAZENERGY» қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ұ.С.Қарабалин: «Student Energy Challenge» байқауы – бұл студенттер үшін өз пікірлестерін таба білуге, жобалық командаға бірігуге, кәсіпқойлықтарының алғашқы дағдыларын көрсете білуге мүмкіндік. Біз осындай іс-шараларға қатысу жастарды жаңа жаңалықтар ашуға қосымша ынталандыратындығына сенеміз» деп қосты. Үш-бес адамнан тұрған командаларға инновациялық жоба жасау міндеті қойылғанын естеріңізге сала кетейік.

айқау туралы қосымша ақпрат: http://kazenergy.com/ru/operation/educational-program/140/1099/

Ескертпе:

«KAZENERGY» қауымдастығының білім беру жүйесін дамытуға және дарынды жастарды қолдауға бағытталған жобаларды орындауда айтарлықтай тәжірибесі бар. 2007 жылдан бастап KAZENERGY қауымдастығы жастарды шығармашылық және кәсіптік қозғалыстарға тарту және ынталандыру мақсатында бірқатар білім беру бағдарламаларын, оның ішінде магитранттар, жоғары оқу орындардың, колледждердің студенттері үшін стипендияларды, инновациялық жобаларды әзірлеу байқауларын, зияткерлік ойындарды, дебаттық турнирлерді және басқа іс-шараларды іске асырады. www.kazenergy.com

«Роял Датч Шелл плс.» - энергетикалық және мұнай-химия компанияларын біріктіретін халықаралық концерн, штаб-пәтері Гаагада, Нидерландыда орналасқан. Қазіргі уақытта «Шелл» Қазақстанның экономикасына ірі шетел инвесторларының бірі болып табылады. Шелл компаниясы Қазақстанда 1992 жылдан бастап жұмыс істейді және 2006 жылдан бастап KAZENERGY қауымдастығының белсенді мүшесі болып табылады.

Ірі инвесторлардың бірі болып, Шелл 8 миллион АҚШ долларынан астам сомасына ерікті әлеуметтік жобаларын инвестициялады, олар кәсіпкерлерді қолдауға, STEM білім беру бағдарламаларын өткізуге және жол қауіпсіздігіне бағытталған. Үкіметтің инновациялық бағдарламаларын қолдау мақсатында Шелл компаниясы өзіне салалық өнеркәсіптің барлығымен жұмыс бойынша бастаманы алып, Қазақстанның мұнай-газ саласының өндіруші секторын ғылыми-технологиялық дамытудың жол қартасын әзірледі. www.shell.com/kazakhstan

PHOTO-2018-10-03-13-51-32_.jpg
PHOTO-2018-10-03-13-51-33_.jpg
PHOTO-2018-10-03-13-51-33-01_.jpg
PHOTO-2018-10-03-13-51-34_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.