top
top
Жаңалықтар

Дүниежүзілік мұнай кеңесінің отырысы. 3-күн

Астана қаласы
Хилтон қонақ үйі

ДМК кеңесі және KAZENERGY және ДМК жастар комитеттерінің конференциясы 

3 қазанда Астана қаласында Дүниежүзілік мұнай кеңесінің отырысы өтті. Кеңес Дүниежүзілік мұнай кеңесінің басқарушы органы болып табылады, ол жылына бір рет өткізіледі. Кеңес шеңберінде Президенттің, Вице-Президенттердің және ДМК хатшылығының есептері тыңдалады.

Сонымен қатар KAZENERGY және ДМК жастар комитеттерінің конференциясы өтеді. Оның мақсаты – білім беруді, жұмыспен қамтуды, сенімділік пен алуан түрлілік экономикасын талдау призмасы арқылы ұрпақаралық ерекшеліктер мәселесін сараптамалық қарау. Конференция тақырыбы әртүрлі ұрпақтың: белгілі бір кезеңде туылған адамдардың портреттерін қарауға, олардың VUCA әлемінде жұмыс істей алуын, білім және сенімділік экономикасын талдауға; ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқылауға, ұрпақ құндылықтарының теориясын түсініп, қабылдауға; ұрпақ құндылықтарын: олардың мотивациясын, мақсат қоюын және дамуын талқылауға мүмкіндік береді.

Негізгі спикерлер: «Sherpa S Pro» компаниясының негізін қалаушы және бас директоры, «RuGeneraons – российская школа Теории поколений» негізін қалаушы және жоба үйлестірушісі Евгения ШАМИС, National Geographic Kazakhstan ерікті елшісі Саясат НҰРБЕК, Халық шаруашылығы университетінің ректоры д-р Эндрю ВАХТЕЛЬ, WorldSkills Internaonal және WorldSkills Europe ҚР-дағы технкалық делегаты Данагүл БАЙГУЛУНОВА, «Жастар» ҒЗО ғылыми-әдіснамалық басқармасының бастығы Дана ӘШІМХАНОВА, Қазақстанда Z ұрпағының зерттеу тобының мүшесі, WeArt жастар үшін әлеуметтік шығармашылық хабының қосалқы негізін қалаушы және басшысы Виталий ЛИ.

Жалпы Дүниежүзілік мұнай кеңесінің кең бағдарламасы Қазақстан мен басқа елдердің энергетиканың, тұрақты өсу үшін жаңа шешімдер іздеудің өзекті мәселелері бойынша ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған.

Баспасөз орталығы
KAZENERGY қауымдастығы
(7172) 790181; 790173
8 7019998712; 8 7750009423
s.ismailova@kazenergy.com,
asselyamd@gmail.com



unnamed_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.