top
top
Жаңалықтар

Қазақстан және Ресей Үкіметтері келісімге өзгеріс енгізді

Астана. 2018 жылғы 3 қазан – Бүгін Мәскеуде «Ресей энергетикалық апталығы - 2018» халықаралық форумында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ.Бозымбаев пен Ресей Федерациясының Энергетика министрі А.Новак 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үкіметаралық хаттамаға (бұдан әрі – Хаттама) қол қойды.

Енгізіліп жатқан өзгерістер Ресейден Қазақстанға мұнай өнімдерін әкелуге және Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін ведомствоаралық деңгейде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумақтарына экспорттауға мүмкіндік береді.

Осылайша, Қазақстан ЖЖМ ішкі нарығының балансына байланысты мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттауды немесе импорттауды ашу/жабу бойынша шешімді жедел қабылдай алады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынған. Қол қойылған хаттама ҚР МӨЗ жаңғыртылған ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттауға рұқсат беруге мүмкіндік береді.

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.