top
top
Жаңалықтар

NXplorers ойлаудың жаңа технологиялары

2018 жылғы 4-5 қазанда Назарбаев Университетінде «Student Energy Challenge» байқауының 8 командасы үшін NXplorers «Ойлаудың жаңа технологиялары» тренингі өтті.

NXplorers тренингінің бағдарламасын «Шелл» және «Shaping Learning» компаниясы әзірледі. NXplorer тренингінің әдіснамасына жүйелі ойлау, сценарийлік жоспарлау және өзгерту теорияларының тәсілдері кіреді.

NXplorers «Ойлаудың жаңа технологиялары» бағдарламасы - жас ұрпақ үшін құралдар мен ерекше дағдылар ұсынатын мамандандырылған әдістеме. Осы әдістеме ынтымақтастық негізінде және инновациялық және тәртіпаралық тәсілдерді пайдалана отырып, нақты өмірдегі проблемалардың стандартты емес шешімдерін табуға мүмкіндік береді.

«Association of Innovators» командасы: «NXplorers тренингі жобаны жасау және онымен жұмыс жасау процесіне жаңа көзқараспен қарауды үйретті. Біз міндеттерді шешу кезінде талдаудың тиімді құралдарын пайдалану, көптеген факторлардың ықпал етуін ойластыру және ең жақсы шешім табу әдістерін пайдалануды түсіндік. Біз дұрыс сұрақ қоюды және оларға жауап табуды тәжірибе ретінде, жағдайды әр тараптан талдауды үйрендік. Осындай іс-шараны ұйымдастырғаныңыз үшін және оған қатысу мүмкіндігін бергеніңіз үшін алғысымызды айтамыз».

Аяқталуы бойынша тренингтің барлық қатысушылары: Алматы энергетика және байланыс университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің, Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының, Қазақстан-Британ техникалық университетінің, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің, Назарбаев Университетінің және Атырау мұнай және газ университетінің студенттері сертификаттармен марапатталды.

2_.jpg
1_.jpg
7O6A6309_.jpg



Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.