top
top
Жаңалықтар

9-10 қазанда Анталья қаласында (Түркия) 9-ыншы Түрік Энергетика Саммиті (TES)

9-10 қазанда Анталья қаласында (Түркия) 9-ыншы Түрік Энергетика Саммиті (TES), сондай-ақ энергетикалық саланы реттеу және ондағы инвестициялар бойынша ERRA 17-конференциясы өтті. Оған 30 елден келген 700-ден астам делегат қатысты. Қауымдастық атынан KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының кеңесшісі - Арман Сатимов қатысты. Іс-шара Түркияның Энергетика министрлігі, Мемлекеттік энергетиканы реттеу органының (EMRA), Өңірлік энергетиканы реттеуіш қауымдастығының (ERRA) қолдауымен өтті. Арман Сатимов пленарлық отырысқа, сондай-ақ газ саясатының тренді, өңірлік және жаһандық нарық перспективалары туралы мәселелермен панельді сессияға спикер ретінде қатысты.

Іс-шара энергетикалық сектор ландшафтында парадигманың айтарлықтай өзгерістері болып жатқан сәтте өтіп жатқандығы аталып өтті, Каспий, Қара және Жерорта теңізінің бассейндеріндегі энергетикалық ағынды секьюриттеу мәселелері, көршілес елдердегі және Түркия мен еуропадағы жағдайлар талқыланды. спикерлер құрылымдық реформаларды жоғары бағалады, оларды елдер өз энергетикалық секторларына енгізді, реттеуші органдар тәуелсіздігінің рөлі аталып өтті. Бұл ретте реттеуші органдарға энергетикалық секторларға құндылық пен әл-ауқаттылықты қамтамасыз ету, энергияны тұтынушыларға жайлылықты қамтамасыз ету ұсынылды. энергетикалық тауарлардың түрлері бойынша өңірлердің жүк айналымын арттыру перспективалары зерделенді.

Анықтамалық.

Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Донмез мырза бұдан бұрын Тұркия-Қазақстанның инвестициялық форумында: «Түркия мен Қазақстан жыл сайынғы екі жақты сауданы қазіргі уақыттағы 5 миллиард доллардан 10 миллиард долларға дейін жеті-сегіз жыл ішінде арттыруға тырысады» деп айтқан болатын.

«Біздің саудамыздың көлемі 2013 жылдан бастап төмен үдерісті көрсетіп, ал 2017 жылы 23 пайызға өскен болатын, алайда біздің әлеуетімізден әлі де төмен», - деп айтқан Донмез. 2017 жылы екі елдің арасындағы сауда көлемі 2,4 млрд. долларға жеткен, бірақ Донмез биыл бұл көрсеткші әлдеқайда жоғары боатындығын айтты. «Бүгін біз Түркия мен Қазақстан арасында 22 екі жақты келісімге қол қойылғанына куә болдық», - деп ол сөзін аяқтады.


PHOTO-2018-10-12-17-41-26_.jpg
PHOTO-2018-10-12-17-42-54_.jpg
PHOTO-2018-10-12-17-43-31_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.