top
top
Жаңалықтар

Мұнай-газ, мұнай өндіру және мұнай-химия өнеркәсібінде қауіпсіз еңбек жағдайын жасау және өндірістік жарақатты төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша жұмыс

Мұнай-газ, мұнай өндіру және мұнай-химия өнеркәсібінде (салаларда) қауіпсіз еңбек жағдайын жасау және өндірістік жарақатты төмендету жөніндегі іс-шаралардың 2019-2021 жылдарға арналған жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) әзірлеу бойынша жұмыс жалғасуда. Жоспарды әзірлеу бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы Қазақстан Републикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Техникалық комитеті-75 төрағасы, «Еділ-Орал.kz» ЖШС құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Веснин Виктор Николаевичтің төралығымен 2018 жылғы 9 қарашада өтті.

Отырысқа ҚР Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП өкілдері, NCOC, «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ, «PSA» ЖШС, «Еділ-Орал.kz» ЖШС компанияларының қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау саласындағы жетекші мамандар, кәсіподақтар және т.б. қатысты.

Жұмыс тобының мүшелері Жоспар жобасын талқылады, пікір алмасты, Жоспардың жекелеген ұстанымдарын Өндірістік жарақаттануды және зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын төмендету жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасына енгізу қажеттілігі туралы көзқарастарын білдірді. Талқылау қорытындысы бойынша дауыс беру өткізілді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы салалық комиссияның кезекті отырысында нәтижелерді ұсына отырып, жұмыс а.ж. қараша-желтоқсан айларында жалғастырылады.


IMG_1469_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.