top
top
Жаңалықтар

Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінде саланың өзекті мәселелерін талқылады

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің кезекті отырысы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі Данияр Абулғазиннің төралығымен өтті.

KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов Қауымдастықтың хаттамалық тапсырмаларын орындау және ағымдағы қызметі бойынша ағымдағы жағдайы туралы хабар берді.

Отырыс барысында бензин және газ тасымалдаушы машиналарына өстік жүктемелердің мәселесі қаралды. Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес өске түсетін жүктемесі бір тоннадан асатын бөлінетін жүкті көлік құралдарымен тасымалдау тыйым салынады. Мұнай өнімдерін тасымалдаушы көлік дәл осы санатқа жатады. Тасымалдаушы компаниялар өкілдері Инвестициялар және даму министрлігінен жеңілдік беруді сұрады.

«Бірінші кезекте біздің алдымызда қауіпсіздік мәселесі тұр. Бензин тасымалдаушы машиналарды жартылай тиеуге жол берілмейді және көліктің аударылуына алып келеді. Егер еуропалық елдерді қарасақ, кем дегенде 80%-ға тиелген жүк тасымалдаушы автоцистерналарды пайдалануға тыйым салынады. «Атамекен» бұл мәселені уәкілетті органмен пысықтайды және оны бақылауда ұстап тұрады», - деп, атап өтті Елдос Рамазанов. Қазіргі уақытқа дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде елдегі бизнесмендер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді сақтау қажеттілігіне сілтеме жасай отырып, бұл мәселені басқа көзқарас тұрғысынан қарап келді. «Салық кодексіне сәйкес орташа тариф өске жүктеме түсуіне қарай 1 км-ге 1000 теңгені құрайды, мұнай базасынан АЖҚС-к дейінгі орташа қашықтық 200 шақырымды құрайды, сонымен бір рейс үшін 200 000 теңге төлеу қажет, бұл АЖҚС рентабельділігіне қатты әсер етеді», - деп, хабарлады Қазақстан отын қауымдастығы басқармасының төрағасы Болат Әуетаев.

Сонымен қатар қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде көлік мәселесі туралы заң жобасы қаралуда, мұнда жүк тасымалдау бойынша талаптарды қатайту және өстік жүктемесінен асатын көлік құралдары үшін арнайы рұқсаттамалар беруді алып тастау ұсынылады. Мемлекеттік орган арнайы рұқсаттамалар тізбесін кеңейтуді және оған цистерндерде сұйық жүкті тасымалдаушы көлік құралдарын қосуды ұсынады. Қазақстан отын қауымдастығы бензин және газ тасымалдаушы машиналардың салмағын өлшеу кезінде әр өске деген салмақты есепке алмай, жалпы салмақты ғана есепке алуды ұсынады. «Комитет ұсынысты қолдайды. Бұл АЖҚС пен АГҚС қаржы шығындарын қысқартуға және арнайы рұқсаттамалар құнын арзандатуға алып келеді. Шынымен де, мәселе тұр, Ұлттық палатадан мәселені бұдан әрі бақылауын және жәрдем көрсетуін жалғастыруды сұраймыз», - деп атап өтті Данияр Абулғазин. Қорытындылай келе, Абулғазин бүгінгі күні қауіпсіздік мәселесі бірінші кезекте екендігін айтты.

Сонымен қатар отырыс барысында 2014 жылдан бастап Қазақстанда енгізілген АЖҚС-та алкоголі аз сусындар сатуға тыйым салуды алып тастау туралы мәселе де қозғалды. Бастама жасаушылардың пікірі бойынша, автокөлікті пайдалану үшін қажетті ілеспелі тауар болып табылмайды және жүргізушілердің машина жүргізу барысында спирттік ішімдіктерін ішуге итермелейтін қосымша фактор жасауы мүмкін.

Қазақстан отын қауымдастығында қолданыстағы тыйым салудың ішімдікпен күресуге еш қатысы жоқ екендігіне сенімді. Себебі жол бойындағы дүкендерде алкоголь ішімдіктері толық көлемде сатылады, ал жол бойындағы киосктерде мүлдем құйып беру әдісімен сатылады.
«Тыйым салудан кейін спирт ішімдіктерінің сатылымы ғана емес, жалпы өнімдердің сатылымы төмендеп кетті, себебі сатып алушыға барлық тауарларды бір жерден сатып алу қолайлы», - деп атап өтті Болат Әуетаев.

Бүгінгі күні ҚОҚ деректеріне сәйкес АЖҚС жанындағы дүкендердегі тауар сатылымынан табыс 10-15% құрайды. Салыстыру үшін Еуропада отын емес тауарлардың сатылымы әртүрлі бағалар бойынша АЖҚС табысынан 60-тан 70%-ға дейін құрайды. Осылайша, авто жанармай құю станциялары желісінің отын емес бизнесі ЖЖМ өткізу сияқты пайда әкелуі мүмкін, тіпті, негізгі өнімнің сатылымынан асуы да мүмкін.

Осындай тәсіл еуропалық АЖҚС-ға ЖЖМ шектеулерін арттырмауға және оларға деген бағаның өсуін ұстап тұруға мүмкіндік жасайды. Осыған байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП Қаржы министрлігіне АЖҚС алкоголі аз ішімдітерді сату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Бизнестің өзі машина жүргізу кезінде алкоголь ішімдіктерін ішуге қарсы екендігін түсіну қажет. Жүргізушінің қалауы бойынша ол 200 метрдей жүріп, келесі дүкенде спирт ішімдіктерін сатып алады. Онда біз АМҚС-да кассалық аппаратпен және терминалмен жабдықталған сондай сауда орны бар болса, оларға неліктен шектеу жасаймыз? Ұлттық палата бизнесті қолдайды, бүгінгі күні АМӨС жанындағы дүкендер халық тұтынатын тауарлары бар толыққанды супермаркет болып табылады», - деп айтты Елдос Рамазанов.

«АМӨС-да алкогольді сату тыйым салынбаған, тек уақытша шектеулер, баға шектеулерін енгізетін және басқа да шаралар қолданатын дамыған елдердің тәжірибесін қолданудың мәні бар сияқты», - деп ұсыныс жасады Данияр Абулғазин.

2I3A7588_.jpg
2I3A7545_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.