top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY қауымдастығы кеңесінің 23-отырысында ағымдағы жыл қорытындысы жасалды және 2019 жылға міндеттер белгіленді

Ағымдағы жылғы 14 қарашада Астана қаласында Тимур ҚҰЛЫБАЕВТЫҢ төралығымен KAZENERGY қауымдастығы кеңесінің                   23-отырысы өтті.
Іс-шараға ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары  Ш.Өтемісов, А.Мұрадов, Б.Измұхамбетов, С.Өтебаев, салалық министрліктер мен ведомстволардың, «Атамекен» ҰКП, Қауымдастыққа мүше-мемлекеттердің басшылары қатысты.

Отырысты аша келе, Қауымдастықтың Төрағасы Тимур Құлыбаев 2018 жылғы маңызды оқиғалардың бірі ретінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа кодекстің, «Стандарттау туралы» жаңа Заңның қабылдауын, ЖЭК бойынша аукциондық сауда тетіктерін іске қосуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жаңа Экологиялық кодекс тұжырымдамасы бойынша жұмыстың басталуын атап өтті.

Ол KAZENERGY заңнаманы жаңарту процесінің негізгі қатысушысы болып табылатындығын атап көрсетті, мұнда мемлекеттік органдармен әріптестік және коструктивті диалог жасай отырып, осы жұмысты сараптамалық түрде сүйемелдеу және сала компанияларының мүдделерін қорғау бойынша айтарлықтай күш салады.
Т.Құлыбаевтың пікірі бойынша, қабылдануы 2020 жылы күтілетін жаңа Экологиялық кодекспен Қазақстанда барлық маңызды құқық салаларын (жер қойнауын пайдалану, салық салу, техникалық реттеу, қоршаған ортаны қорғау) жаңғырту процесі аяқталатын болады. Энергетикалық секторға тікелей ықпал ететін жаңа заңнама елімізде тартымды инвестициялық климатты қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексті қабылдағаннан кейін осы салада инвесторлардың белсенділігі көрінеді, ал салық жүктемесін оңтайландыру Каспий теңізінің қазақстандық секторында геологиялық-барлау жұмыстарын жандандыруға мүмкіндік жасады.
Сонымен қатар министр ҚР ЭМ алдағы жылға қойылған міндеттеріне тоқталып өтті, олар «Атамекен» ҰКП, KAZENERGY қауымдастығының, бизнес-орта мен қоғам сарапшылрының қатысуымен шешілетін болады.

Қорытындылай келе, Бозымбаев Қауымдастықтың экологиялық заңнаманы жетілдіруге қосқан үлесін атап өтті. «Қауымдастықтың елімізде экологиялық тұрғыдан таза және ресурс үнемдеуші технологияларды әзірлеуге және енгізуге, қазақстандық экономиканың ұзақ мерзімді перспективада тұрақты дамуы үшін жағдай жасауға бағытталған қызметі көптеген экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», - деп, атап өтті.

KAZENERGY ағымдағы жылғы жұмысы туралы бас директор Әсет МАҒАУОВ сөз етті, ол өткен жылы Қауымдастық 11 негізгі бағытта жұмыс жасағанын атады. Олар: салық салу және тарифтер, жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерінің және сұйытылған мұнай газының айналымы, электр энергетикасы, экология, жергілікті қамтуды дамыту, техникалық реттеу, адами капиталды дамыту, халықаралық қызмет және аналитика салалары. Әрбір бағыт бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.
Алдағы жылға жоспарлар туралы айта келе, KAZENERGY бас директоры Жер қойнауы туралы жаңа кодекске пікір дайындауды, ЖМ нарығы бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу, экологиялық заңнама мәселелері бойынша жұмысты, сондай-ақ негізгі тақырыптары: Дүниежүзілік мұнай нарығы және Қазақстанның рөлі, «ОПЕК+» келісімдері, мұнай нарығы мен бағасын өзгерту болжамдары, ЕАЭО-та нарықтар ықпалдасуы болып табылатын 2019 жылы Ұлттық Энергетикалық баяндамаға даялықты атап көрсетті.
Сонымен қатар Қауымдастық Кеңесі отырысының барысында басқарушы директор – ҚЭТД департаментінің директоры Нұрлан Жанекеновтың «Қауымдастықтың 2019 жылға арналған бюджетін бекіту туралы» есебі тыңдалды, оны барлық қатысушылар бір дауыспен қабылдады.

Қатысушыларға Қауымдастықтың халықаралық саласындағы қызметі туралы атқарушы директор Талғат Қарашев сөз етті. Ол қазіргі уақытта 2019 жылы жаңа форматта өтетін KAZENERGY XII Еуразиялық форумына дайындық басталғанын айтты. KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019 екі параллельді кластер кіреді: KAZENERGY XII Еуразиялық форумы және Интерактивті көрме.
Сонымен қатар Қарашев KAZENERGY XXIV Дүниежүзілік мұнай кеңесін Астана қаласында 2023 жылы өткізуге бастамашылық білдірді. «Қазақстанның осы өтінімді беру үшін бірқатар артықшылықтары бар, - деп атап өтті ол. – біз ДМК жұмысына белсене түрде қатысамыз. Ірі халықаралық іс-шараларды өткізуде тәжірибеміз бар. елордада коммуникациялар және инфрақұрылым желісі – «EXPO мұрасы» бар, Конгрестің негізгі объектілерінің логистикасы ыңғайлы жопарланған. Қазақтанда ірі трансұлттық мұнай-газ корпорацияларының жобалары табысты түрде дамып жатқандығы маңызды».
«Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін бірыңғай білім мен құзыреттік орталығын» құру туралы бастамасымен реткор Кенжебек ИБРАШЕВ сөз қылды.

ЭЫДҰ, Ресей және Бразилия елдерінде экологиялық заңнаманың қолданыстағы тәжірибелерін зерттеуді Қазақстан «Ernst & Young» компаниясының Орталық Азия, Кавказ, Украина, Беларусия елдері бойыншатаза технологиялар мен тұрақты даму саласында көрсетілетін қызметтер бөлімінің өңірлік директоры Виктор КОВАЛЕНКО ұсынды.
Кеңес отырысының қорытындысында компания өкілдерін марапаттау, сондай-ақ KAZENERGY қауымдастығының қатарына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімдері өтті.

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.