top
top
Жаңалықтар

КПО Б.В. компаниясы, KAZENERGY қауымдастығы, ҚР Білім және ғылым министрлігі және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің арасында
Цифрландыру жобасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды  

Ағымдағы жылғы 29 қарашада Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауы бойынша Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. ұйымдастырған Цифрландыру форумы өтті.
Форумның ашылу рәсімінде құттықтау сөздерімен Премьер-Министрдің орынбасары А.Жұмағалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі А.Кульгинов, КПО Б.В. бас директоры Э.Блом және KAZENERGY қауымдастығының мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі атқарушы директоры Р.Қабжанов сөз сөйледі. Форум жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, мұнай-газ компанияларының, жоғары оқу орындарының және IT-компаниялардың өкілдері де қатысты.

Форумның негізгі тақырыптарының бірі КПО Б.В. жоспарланудағы өндірістік қызметті цифрлық трансформациялау презентациясы болды. Форум қатысушыларына КПО Б.В. цифрландыру бойынша жол картасы ұсынылды, оған сәйкес компания ұңғыма операцияларына, барлауға, кәсіп жұмыстарына, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау техникасына және т.б. цифрлық технологияларды енгізетін болады.

Сонымен қатар Форум шеңберінде КПО Б.В., KAZENERGY қауымдастығы, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Батыс Қазақстан облысы арасында ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл жасау туралы меморандумға қол қойылды. Осы меморандумның негізгі мақсаты цифрлық технологиялар арқылы КПО өндірістік қызметінің міндеттерін шешу және тиімділігін арттыру үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттерін қатыстыру болып табылады.

Студентерді цифрландыру жобасына тарту оларға инженерлік ойлау қабілетін көрсетуге, техникалық дағдыларды дамытуға, жоба шеңберінде стартаптарды әзірлеу арқылы серпілісті идеяларды іске асыруға және баға жетпес тәжірибе алуға мүмкіндік береді. КПО Б.В. цифрландыру жобасы келешек кәсіптік кадрларды дамытуға жәрдемдеседі.


Подписание-меморандума_s.jpg
1C3A0802_11.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.