top
top
Жаңалықтар

МҰНАЙ-ГАЗ, СЕРВИСТІК КОМПАНИЯЛАР ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ӨНДІРУШІЛЕРІ КЕЙТЕРИНГ САЛАСЫНДА ҚАЗАҚТСАНДЫҚ ҚАМТУДЫ АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН БІРГЕ ШЕШУДЕ

ТШО, НКОК, KAZENERGY қауымдастығының, Атырау облысының «Атамекен» ӨКП, «QazBusiness» өңірлік кәсіпкерлік қауымдастығының қолдауымен Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі стратегиялық әріптестіктер кеңесі өз жұмысын жалғастыруда, атап айтқанда а.ж. 10 желтоқсанда Атырау қаласында «ТШО, НКОК және Атырау облысының азық-түлік тауарларын өндірушілері арасында кейтеринг (тамақтану) саласындағы тізбекті ұйымдастыру жөніндегі форум» өтті.

Іс-шараға ТШО және НКОК объектілерін тамақтанумен қамтамасыз ететін мердігерлік компаниялар, бейінді мемлекеттік органдардың, Атырау қаласының ауыл шаруашылық тауарларын өндіру саласында жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің және Атырау облысының жеті ауданының шамамен 100 фермерлік (ұжымдық) шаруашылығының өкілдері қатысты.

ТШО және НКОК сатып алу тізімінде отандық тауарлар мен өнімдер мөлшерін айтарлықтай арттыруды есепке ала отырып, өңірде ірі мұнай-газ компанияларының қажеттіліктері үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің және жеткізудің үлкен перспективалары бар.

Мысалы, «Теңізшевройл» айналасында ерекше өнімдік-сервистік кластер қалыптасты. Соңғы уақытта барлық сиыр және жылқы етінің 100%-ын, сондай-ақ құс етін, сүт өнімдерін, көкөністерді жергілікті өндірушілерден сатып алады. Күлсары кентінде салынған жылыжай Теңізді ғана емес, ТШО барлық мердігерлік ұйымдарын қамтамасыз етеді. ТШО жобасы үшін тамақ өнімдеріне мыңдаған тонна сүт пен ет, миллион дана жұмыртқа жатады, яғни бұл өнеркәсіптік масштаб.

НКОК тамақ өнімдеріне деген үлкен сұранысы қамтамасыз етіледі. Жыл сайын компания кәсіпорындарында 100 тоннадан астам ет, оның ішінде сиыр еті, қой еті, күркетауық және тауық еті тұтынылады. Осы тауарларды жеткізудің басты критерийі, ең біріншіден, өнім берушілерге деген сенімділік және санитарлық нормаларға сәйкес келетін өнімдердің үлкен көлемін тұрақты түрде жеткізуді қамтамасыз ету қабілеттілігі болып табылады.

Форумда бірінші кезекте көтерілген проблемалық мәселелер бүгінгі күнге дейін мұнай-газ компаниялары, бас мердігерлік ұйымдар мен қазақстандық өндірушілер арасында тікелей өзара іс-қимыл жасалмауына байланысты болды.

Тамақтану сервисін дамыту үшін басқа маңызды мәселе – бұл тапсырыс берушілер өнім берушілерге сол немесе өзге өнімдер бойынша қоятын сапа стандарттары мен талаптары болып табылады. «Өкінішке орай, тамақтану саласында мұнай-газ компанияларының қажеттіліктері бойынша деректер, сондай-ақ сервистік қызмет көрсету және тамақ өнімдерін ұсыну бойынша қадамдық ұсынымдар көрсетілген бірыңғай анықтамалық-ақпараттық база жоқ», - деп, атап өтті, Kazеnergy қауымдатығының мұнай-газ және энергетика саласын дамыту департаментінің директоры Яромир Рабай.

Форум барысында ТШО, НКОК мердігерлік компанияларының өкілдері тамақтану саласындағы бас мердігерлердің қажеттіліктері неде екендігін, өнім берушілерді іріктеу критерийлері қандай екендігін түсіндірді. Атырау облысының Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Амантай Жұмағалиевтен ШОБ субъектілері өнімнің санитарлық нормалары жөнінде пайдалы ақпарат алды.

«Атамекен» ҰКП ірі мұнай-газ операторларымен өзара іс-қимыл жасау және мұнай сервисін дамыту жөніндегі ресми өкілі Асылбек Жакиев, «Мұнай-газ компаниялары, бас мердігерлер мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер бір үстел басына отырып, бір-біріне қай жағынан пайдалы екендігін талқылайтын осындай іс-шараны өткізу идеясын баяғыдан бері жоспарлап келгенбіз. Алайда Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі стратегиялық әріптестіктер кеңесімен бірлесіп, қазір ғана жүзеге асыра алдық. Осындай іс-шаралар, ең біріншіден, қазақстандық қамтуды дамыту үшін қажет» деп атап көрсетті. Жакиев айтып өткендей, АӨК өнімі импорттың орнын басатын тауарлар қатарына жатады. Атырау облысында ірі компаниялар қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің қолайлы және қауіпсіз нарығын құру үшін үлкен жұмыс жасалуда. «Зәкірлік» деп аталатын кәсіпорындар бойынша бастамалары енгізілуде.

«Aspar Kashagan» ЖШС жобалар менеджері Әсем Ахметова: «Біз Теңіз мен Қарабанда тікелей сервис-кейтерингпен айналасатындықтан, вахталық кенттерде тұрақты түрде өнімді жеткізу және сәйкестілік сертификаттары өте маңызды. Өнімді сатып алу үшін өнім берушіде СТ-КЗ сәйкестілік сертификаты болуы тиіс. Өкінішке орай, сүт, ет өнімдері, жұмыртқа үшін бұл үлкен проблема болып отыр. Менің ойымша, тауар өндірушілермен семинарларды көп өткізіп, онда, ең біріншіден, өнім берушілердің өздері үшін сертификаттау маңызды екендігін түсіндіру қажет».

Форум қорытындысы бойынша бизнес-қоғамдастыққа тамақ өнімдерін өндірушілер мен ірі компаниялар арасында ШОБ субъектілеріне қажеттілік туындаған кезде өнімді өткізуге көмек бере алатын тұрақты алаңның бар екендігі жөнінде ақпарат берілді. Барлық қонақтар келесі жылы осындай форумды өткізуді және осындай кездесулерді тұрақты ұйымдастыруды бірауыздан шешті.

PHOTO-2018-12-10-11-38-25.jpg

PHOTO-2018-12-10-11-38-28.jpg

PHOTO-2018-12-10-11-38-26.jpg

PHOTO-2018-12-10-11-38-27.jpg

PHOTO-2018-12-10-11-38-28_.jpg

PHOTO-2018-12-10-11-38-29.jpg

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.