top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY қауымдастығы Абу-Даби қаласында (БАӘ) өткен IRENA Ассамблеясының 9-сессиясының жұмысына және Дүниежүзілік «Болашақ Энергиясы» Саммитіне (WFES) қатысты

2019 жылғы 10-13 қаңтарда Абу-Даби қаласында (БАӘ) IRENA Ассамблеясының (International Renewable Energy Agency, Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік) 9-сессиясы өтті, оған KAZENERGY өкілдері қатысты.

Ассамблея Агенттіктің жоғары директивті органы болып табылады және жаңартылатын энергия көздері саласындағы жаһандық күн тәртібін талқылау және жаһандық энергетикалық тәсілді жылдамдату бойынша нақты шараларды қабылдау үшін мемлекет басшыларын, министрлерді, үкіметтік шенеуніктер мен жеке сектор, азаматтық қоғам мен басқа да халықаралық ұйымдар өкілдерінің басын қосады.

KAZENERGY қауымдастығы Ассамблея жұмысына белсенді түрде қатысады және 2015 жылы IRENA мен KAZENERGY қауымдастығы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық жасау туралы меморандумға қол қойылды.

Ассамблея жұмысының барысында KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Талғат Қарашев IRENA хатшылығының өкілі атқарушы директор Гурбуз Гонуламен, Global Wind Energy Council (GWEC) аға саяси кеңесшісі Стив Сойермен, Күн энергетикасы жөніндегі неміс қауымдастығының Халықаралық ынтымақтастық бойынша басқарушы директоры Дэвид Видепоулмен кездесу өткізді. Кездесулер барысында Астана қаласында 2019 жылғы 25-27 қыркүйек арасында өтетін Қазақстанның энергетика апталығы мен KAZENERGY ХІІ Еуразиялық форумы шеңберінде ынтымақтастық жасау және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Ассамблеяның 9-сессиясының жұмысын аяқтау барысында IRENA жаңа Бас директоры болып Франческо Ла Камера (Francesco La Camera) тағайындалды. Ла Камера мырза жұмысын 2019 жылғы 4 сәуірде бастайды, ол 2011 жылдан бері IRENA бас директоры Аднан Амин мырзаның орнын басады.

Бұдан басқа 14-17 қаңтар аралығында Абу-Даби қаласында Дүниежүзілік «Болашақ Энергиясы» Саммиті (World Future Energy Summit) өтуде.
WFES-2019 үкіметтер, корпорациялар, кәсіпкерлер мен инвесторлар өсіп келе жатқан дүниежүзілік энергетика мәселелерін шешу бойынша білімдерімен және тәжірибелерімен алмаса алатын платформа болып табылады. Саммитке жалпы дүниежүзінің 170 елінен келетін 850 делегат қатысатындығы күтілуде.

Бұдан басқа WFES-2019 негізгі іс-шараларының шеңберінде KAZENERGY қауымдастығы а.ж. 14 қаңтарда «Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің секторын дамыту» тақырыбындағы қазақстандық сессия жұмысына қатысты. Осы іс-шараны IRENA Халықаралық агенттігі мен KAZENERGY қауымдастығының қолдауымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және Қазақстандағы БҰҰДБ ұйымдастырды.

Сессия жоғары деңгейде өтті, оған Қазақстан Республикасының вице-министрі Сұнғат Есімханов, IRENA атқарушы директоры Гурбуз Гонула қатысты, олар алғы сөздерін айтып, энергетикалық сектордың дүниежүзілік тұрақсыз жағдайында ЖЭК дамыту өзектілігін белгіледі. Құрметті қонақ қатарында Исландияның бұрынғы президенті (1996-2016гг.), Arctic Circle төрағасы Олафур Гримсон мырза да болды.

Бұдан басқа ЕҚДБ, БҰҰДБ, ЕҚО, Күн энергиясы қауымдастығы (SPAQ), Шелл және т.б. сияқты ЖЭК мәселелері бойынша бөлімшелер мен ұйымдар басшылары таныстырылымдарымен және баяндамаларымен сөз сөйледі. Өз кезегінде, баяндамашылар Қазақстанда ЖЭК дамыту жағдайлары және энергетиканың осы секторын дамыту үшін әлеуетті инвесторлар мен әріптестерді тарту үшін мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы сөз етті.

Іс-шараға Қазақстандағы инвестицияларға қызығушылықтарын танытатын 20-дан астам шетел компаниясы қатысты.
Сонымен қатар Саммиттің іскерлік іс-шараларының шеңберінде KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Бас менеджер Ахмед аль-Авадидің басшылығымен Masdar компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында KAZENERGY және Masdar өкілдері екі жақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін және ағымдағы жылы KAZENERGY ХІІ Еуразиялық Форумына қатысуды талқылады.


IRENA_Geopolitics of Energy Transformation report release banner.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.