top
top
Жаңалықтар

«Еңбек жолында қосқан үлесіңізді есте сақтаймыз және бағалаймыз»: KAZENERGY қауымдастығының мұнайшы ардагерлерімен кездесу өтті

7 ақпанда ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев және «ҚазМұнайГаз» АҚ басқармасының төрағасы Алик Айдарбаев саланы дамытуға үлкен үлес қосқан ардагерлерімен мазмұнды әрі сенімді әңгіме өткізді.

Тимур Құлыбаев атап өткендей, бұл кездесу – аға жолдастарға, тәлімгерлерге деген үлкен құрмет көрсетудің белгісі. Ол еліміздің экономикасының локомотивіне айналған саланың өткен жылдардағы табысы ардагерлердің саланы дамытуға қосқан үлестерінің арқасында ғана алға жылжығандығы үшін алғысын білдірді. KAZENERGY төрағасы энергетикалық сектор Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдары ғана дами түскендігін атап өтті. Өткен кезеңде біздің республикамыз жетекші мұнай-газ өндіруші елдердің қатарына кірді. Өткен жылдың өзінде мұнайдың рекордты көлемі 90 млн. астам тонна мұнай өндірілді, сондай-ақ шамамен 56 млрд.м3 газ шығарылды. Құлыбаев мұнайшылардың жас ұрпағы үшін тәлімгерлердің пікірі әлі де өте бағалы екенін айтты. Осы кездесуде оларға ағымдағы жағдай, жобалар және оларды іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының топ-менеджерлері сөз етті.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев кеш қонақтарына Қазақстанның экономикалық әулетін арттыра отырып, бүгінгі күні қарқынды дамып жатқан өткен жылдардағы мұнай-газ саласының деректерімен таныстырды. Табысты аяқталған жобалар мен оқиғалар ретінде министр үш МӨЗ жаңғыртудың аяқталуын, мұнайдың экспорттық әлеуетінің 17%-ға, газдың 41%-ға өсуін, электр энергиясын өндірудің 106,8 млрд кВтч дейін арттуын атап өтті. Бозымбаев жаңа 2019 жылы мемлекеттік қолдау жаңартылатын энергия көздерін ендіруге және қоршаған ортаны қорғауды жақсартуға бағытталатын болатындығын да айтты.

Іс-шара барысында ардагерлер алдында «ҚазМұнайГаз» АҚ басқармасының төрағасы Алик Айдарбаев та сөз сөйледі. Ол негізгі өндірістік көрсеткіштердің айтарлықтай жақсарғанын атап көрсетіп, 2018 жылы компания жұмысының қорытындысы туралы сөз етті. Өткен жылы компания 23 млн тоннадан астам мұнай өндірді, МӨЗ 16 млн тонна мұнайды қайта өңдеді, сондай-ақ автобензин, дизельді және әуе отын өндірісі ұлғайтылды, бұл Қазақстанға өзін қамтамасыз ету бойынша 100%-ға тәуелсіз болуына мүмкіндік жасады.

«ҚазМұнайГаз» АҚ Барлау, өндіру және мұнай сервистері жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Исказиев саланың ірі жобаларын дамыту мәселелеріне және Қазақстанда геологбарлау және өндіру перспективаларына тоқталып өтті.

Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» АҚ мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Данияр Тиесов Қазақстанның үш МӨЗ (Павлодар, Шымкент, Атырау) табысты жаңғырту қорытындыларын ұсынды.

«Астанагаз ҚМГ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Данияр Берлібаев 2020 жылы елордаға, солтүстік және орталық өңірлерге газ өткізілетіндігін атап көрсетіп, қатысушыларды «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы» инвестициялық жобасын іске асыру барысымен таныстырды. Газ құбырының құрылысы айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық нәтиже беретіндігі күтілуде: 171 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі, жаңа жұмыс орындары құрылады, инфрақұрылым, шағын және орта бизнес дамып, ең бастысы, Берлібаев атап өткендей, газ құбырын өткізу экологияның жақсаруына ықпалын тигізеді.

KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин өз сөз сөйлеуінде салалық компаниялардың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізу үшін бірлескен жұмыс жүргізуді ұсынды.

Кездесу модераторы KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов экологиялық заңнаманы жаңғыртуға қатысу, шығарылуы қиын мұнай кен орындарын өңдеуді ынталандыруға бағытталған түзетулер пакетін дайындау кіретін мұнай-газ саласындағы реттеуші климат жөніндегі негізгі басымдықтар туралы сөз етті. Электронды сауда арқылы мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газ саласындағы ішкі нарықта нарықтық қатынастарды дамыту да алдағы жылдарда қауымдастықтың үш басты басымдығына кірді.

Ардагерлер Равиль Тажигариевич Чердыбаев, Зейнолла Өтежанұлы Алшынбаев, Орал Ақшолақұлы Ақшолақов, Владимир Сергеевич Школьник және т.б. өзекті мәселелер бойынша бағалы ұсыныстарын енгізе отырып, сондай-ақ KAZENERGY қауымдастығына және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына мұнайшылардың аға ұрпағына көрсеткен құрметтері үшін алғысын айтып, одан әрі өндірістік табыс тіледі.

Кештің аяқталуы бойынша ардагерлерге мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс хаттар мен наградалар ұсыну рәсімі өткізілді.


01_.jpg
02_.jpg
03_.jpg
04_.jpg
5_.jpg
6_.jpg
7_.jpg
8_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.