top
top
Жаңалықтар

Энергетика саласындағы ең ірі іс-шара KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019 белсенді түрде дайындық жүргізілуде

12 ақпанда Астана қаласында KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалиннің төрағалығымен бағдарлама комитетінің үшінші отырысы өтті. Комитет мүшелері – Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ компанияларының өкілдері Қазақстанда орталық энергетика оқиғасының мәртебесі берілген KAZENERGY XII Еуразиялық форумы, интерактивті көрме, сондай-ақ Астана қаласында 5 күн ішінде өтетін 20 бейінді іс-шара кіретін Энергетика апталығының архитектурасы бойынша өз идеяларын ұсынды.

KEW алаңында қазақстандық мұнайдың 120 жылдығына орай бірқатар айтулы оқиғалар өтеді. Еліміздің мұнай-газ жөніндегі жазбалары 1899 жылғы қарашадан бастауын алатындығы белгілі, онда Қарашұңғыл шатқалында 40 метр тереңдіктен «қара алтын» бұлағы шыққан еді. Еліміздің барлық мұнайшылары мен газшылары үшін бұл мерекенің мәні ерекше, ол дүниежүзінде көмірсутектерді өндіру көлемі бойынша 14 орынға ие болған, саланың үлкен жетістіктерін көрсетеді. Өткен жылдың өзінде Қазақстан тарихында алғаш рет мұнай өндіру көлемі 90 млн. тоннаны құрады. Сонымен қатар 105 млрд. м3 газ шығарылды.

Биыл KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019 23 қыркүйекте басталып, 27 қыркүйекте аяқталады. Форумының негізгі тақырыбы жаһандық және қазақстандық энергетикадағы негізгі трендтер олардың энергетика нарықтарына ықпалын көрсетеді.

Сонымен қатар отырыс барысында KAZENERGY-дің 2023 жылы Дүниежүзілік Мұнай Конгресінің өткізу бойынша сайлауға қатысуы да талқыланды. Қауымдастықтың қатысуы туралы өтінімі а.ж. 31 қаңтарда берілді. ДМК-ға қатысушы елдердің сайлауы 2019 жылғы маусымда Санкт-Петербургте кеңесте өткізіледі. ДМК құрамына дүниежүзінің 70 елі кіреді, олардың үлесіне 96% -нан астам мұнай-газ өңдіруі мен тұтынуы кіреді. Дүниежүзілік мұнай конгресі – әр 3 жыл сайын өтетін дүниежүзілік мұнай-газ индустриясындағы маңызды оқиға болып табылады. Конгрестің басты мақсаты – сала сарапшыларына, аналитиктер мен мамандарына инновациялы жетістіктер, дүниежүзілік мұнай ресурстарының технологиясы мен оны пайдалану жөнінде талқылауға мүмкіндік жасайтын диалогтық алаң құру.

Осылайша, мұнай-газ саласының ең ірі іс-шараларына дайындық толық түрде жүріп жатыр. Барлық мүдделі тараптарды KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019 қатысуға шақырамыз.

KEW туралы барынша толық ақпаратпен http://kazenergyforum.com сайтында таныса аласыз.


IMG_1844_.jpg


Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.