top
top
Жаңалықтар

Қазақстан италиялық компанияларды мұнай-газ өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша ынтымақтастыққа шақырады

27 наурызда Италиядағы Равенне қаласында өткен әлемдегі аса ірі көрмелердің бірі – Жерорта теңізі көрмесі және оффшорлық технологиялар бойынша конференция уақытында «Интернационализм және жергілікті мазмұн 2.0» Қазақстан-Италия стратегиялық ынтымақтастық бойынша іскерлік кездесуі өткізілді. Кездесу Италия өнеркәсібінің жалпы конфедерациясы (Конфиндустрия), Assomineraria қауымдастығы, ENI компаниясы, KazService қауымдастығы, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сонымен қатар KazEnergy қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Қазақстан-Италия бизнесі ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру үшін алға қадам жасады. Assomineraria президенті Лука Киароччи кездесу Қазақстан-Италия ынтымақтастығын нығайтатындығын және ынтымақтастық – бұл индустрияны дамытудың нақты қозғаушы күші болғандықтан, әріптестікті кеңейту қажеттігін түсінуге әкелетіндігін атап өтті.

Қазақстандық және италиялық компаниялар екі елдің білімі мен машықтарын біріктірудің арқасында анағұрлым тиімді жұмыс істеу үшін мол мүмкіндікті көреді. Мысалы, қазақстандық компаниялар қышқыл және қатаң ортада қалай жұмыс істеу керектігін біледі және италиялық әріптестерге құрамында қышқыл бар газ кен орындарын игеруде көмек көрсете алады.

Италиялық инвесторлар үшін құндылықты арттырудың тағы бір мүмкіндігі – бұл тауарлар өндірісі. Кабелдер, трансформаторлар, сорғылар, фланецтер мен фитингтер, жоғары қысымды ыдыстар, құрылыс материалдары, резервуарлар, жылу алмастырғыштар, клапандар, металл конструкциялары Қазақстанда шығарыла алады, өйткені тұрақты сұраныс, сонымен қатар компаниялар үшін Қазақстанда шығарылған тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндеттемелері бар.

«Активтердің уақыты келіп жетті. Үш ірі жоба бар: Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған. Eni сияқты, біз олардың тек екеуінің атынан ғана өкілдік етеміз және сіздердің назарларыңызды осы елге аударғымыз келеді», - деп мәлімдеді бас директор, Eni италиялық компаниясындағы Орта Азия бойынша атқарушы вице-президент Лука Вигнати. «Таяудағы 5-7 жыл ішінде әзірлеу қажет бірнеше маңызды жоба бар. активтерінің айрықша жақсы көрсеткіштерінің арқасында Қашаған бірлескен кәсіпорындар үшін көп мүмкіндіктер ұсынады. Қолда бар жобалардан басқа, біз Қазақстан үкіметімен Қаламқас кен орнын игеруді талқылаудамыз және онда жоғары әлеуетті көреміз».

Қазақстандық мұнай-газ саласының жылдық айналымы 8 млрд. АҚШ долларын құрайды, бұл 1000-нан аса компанияда 180 000 қызметкерге жұмыс орнын ұсынады. Мұнай кәсібі қызметтерінің нарығы, Теңіз, Қарашығанақ және Қашағанда тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу үлесі 75%-ан аса құрайтынын назарға ала отырып, 7,9 млрд. АҚШ долларына дейін жетеді.
.
Сонымен бірге АТАМЕКЕН Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және KazEnergy қауымдастығының біріккен күші Petrocouncil.kz өкілі Раушан Найзабаева Қазақстан Республикасының италиялық әріптестер мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы келісімдері шарттарының тұрақтылығын қамтамасыз ететіндігін атап өтті. Қазақстан Үкіметі бірнеше инвестицияық жеңілдіктер ұсынды, соның ішінде: кедендік әкелім бажынан босату, мемлекеттік натуралық гранттар, салықтық жеңілдіктер; бос жерлерді беру және рәсімдерді оңайлату, сонымен қатар инвестицияық субсидиялар. Petrocouncil Қазақстанда италиялық компаниялар үшін қолжетімді болып табылатын мемлекеттік қолдауды пайдалануға кеңес береді.

Confindustria және Eni арқасында екі тарап та тауарлар өндірісінің экономикалық мақсаттылығы, жылдық тұтыну және нарық көлемдері туралы маңызды ақпарат алды. Келесі жолы екі тарап Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында қыркүйекте өтетін Kazenergy аптасы уақытындағы кезекті кездесуде жолығысады.

Қосымша ақпарат алу үшін +77072507568 нөмірі бойынша хабарласуды өтінеміз.

Italy_.jpg

55608107_.jpg

20190327_151147_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.