top
top
Жаңалықтар

Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі

2019 жылғы 05 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының Орыбасары Ұ.С. Қарабалиннің қатысуымен және Үйлестіру кеңесінің төрағасы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директоры Д.К. Хасановтың төралығымен KAZENERGY қауымдастығының Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесі мүшелерімен қатар шақырылғандар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «Атырау мұнай және газ университеті» КЕАҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ, Satbayev University, Қ.Тұрысов атындағы геология және мұнай-газ институтының, Ergon компаниясының өкілдері қатысты.
KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының Орынбасары Ұ.С. Қарабалин сөз сөйледі, Үйлестіру кеңесінің төрағасы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директоры Д.К. Хасанов күн тәртібі мәселелері туралы сөз етті.

KAZENERGY қауымдастығының адами капиталды дамыту жөніндегі атқарушы директоры Л. Ж. Ахмурзина Үйлестіру кеңесінің 2019 жылдағы жұмысының негізгі бағыттары, оның ішінде 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өндіру және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімді дайындау жөніндегі іс-шаралар және KAZENERGY білім беру бағдарламасы шеңберінде және өнімді бөлу туралы (стипендиялар және гранттар) келісімдер шеңберінде әлеуметтік жобалар туралы сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы А.А. Сарбасов Үйлестіру кеңесі мүшелерінің ҚР Еңбек кодексіне және еңбек қатынастарын реттейтін өзге нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты барлық сұрақтарына жауап берді.

Үйлестіру кеңесі адами капиталды дамыту саласындағы компаниялардың the best practices зерделеу практикасын енгізді. Отырыста бірнеше компаниялардың тәжірибесі көрсетілді:
  • Аджип Карачаганак Б.В. адами капиталды дамыту саласындағы Эни озық тәжірибесі бойынша (Еңбек ресурстарын басқару және ұйымдастырушылық қолдау жөніндегі менеджері А.Қ. Жақсымұратова);
  • «Ембімұнайгаз» АҚ дуальды оқыту жүйесі бойынша компаниялардың тәжірибесі (персоналды басқару және дамыту департаментінің директоры Г.А. Шарафетдинова);
  • Атырау мұнай және газ университетінде мамандарды дуальды оқыту жүйесі бойынша даярлау: қазіргі аманғы жай-күйі, перспективалары мен проблемалары (басқарма төрағасының м.а. – «Атырау мұнай және газ университеті» КЕАҚ ректоры А.У. Кушеков).

Үйлестіру кеңесінің келесі отырысында мына компаниялардың ең үздік практикаларын талқылау жоспарлануда:
  • Ernst & Young Kazakhstan LLP - «Сенімділікке негізделген қауіпсіздік: нөлдік жарақаттану тұжырымдамасынан туындайтын жаңа заманауи тәсіл ретінде “+1” тұжырымдамасы»;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ - «Жастар жылы шеңберінде бесжылдық жобасы туралы, онымен жазғы демалыстар кезеңінде 11 ЖОО және 10 колледж студенттерінің төленетін практикасы көзделген;
  • «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС - «Компаниялардың дуальды оқыту жүйесін іске асырудағы тәжірибесі».

Сонымен қатар отырыста Қазақстандағы және Орта Азиядағы Geneva Business School директоры А.Аскарова жұмыстан қол үзбеу МВА бағдарламасы бойынша, Еrgon жүзеге асырылатын гендер және ЕҚДБ жобаларының кадр саясаты мәселелері жөніндегі кеңесшісі А.Ильясова Қазақстан энергетикалық секторындағы әйелдердің рөлі туралы баяндамалармен сөз сөйледі.

Үйлестіру кеңесі отырысының мүшелері мен қатысушылары үшін Персонал және дамыту институтының мүшесі (CIPD), 3 және 5 деңгей тренері Ян Степан PwC академиясымен ұйымдастырылған «Командадағы көшбасшылық және қызметкерлерді мотивациялау» атты Workshop өткізді. Workshop қорытындысы бойынша отырыстың барлық қатысушылары сертификаттар алды.



9fcc6046-d46_.jpg

24dc8f46-4ffe-43ad-_.jpg

198d0f31-d644-4_.jpg

816f3148-3c_.jpg

991a1ec5-9c4c_.jpg

1346ab78-_.jpg

81967b05-e4_.jpg

fa381383-_.jpg

fd4be1e_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.