top
top
Жаңалықтар

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ БИЗНЕС-ОРТАНЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ САУДА ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫНЫҢ КҮШІНЕ ЕНУІ

201 жылғы 2 сәуірде ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды (бұдан әрі – Заң).

Осы Заңның шеңберінде KAZENERGY қауымдастығы мүшелерінің мыналарға:
  • өңдеуден өткен және корпоративтік табыс салығы мақсаты үшін ұлттық операторға мемлекетің артықшылық құқығы шеңберінде іске асырылатын шикі газды айқындау;
  • мемлекеттік мекемелердің және заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының сенімді басқаруға мүлікті беруі кезіндегі салықтық міндеттемелерге;
  • тауарды бөлу құжаттарының негізінде тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күніне;
  • магистральдық газ құбырлары жүйесі бойынша көрсетілетін қызметтерді іске асыру бойынша айналым жасау күніне;
  • есептелуге жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзетуге;
  • жеке тұлғаның табысы мен салықтық есебін түзетуге;
  • мүлікке арналған салықты және жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомасын есептеуге;
  • жер қойнауының арнайы төлемдері бойынша салық есептілігі нысанын ұсынуға қатысты 16 түзетуі Салық кодексіне енгізілді.
«KAZENERGY» қауымдастығы қауымдастық мүшелеріне салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар бойынша бірлесіп жасаған жемісті жұмысы үшін алғыс білдіреді.
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.