top
top
Жаңалықтар

«STUDENT ЕNERGY СHALLENGE» ЗИЯТКЕРЛІК КОМАНДАЛЫҚ КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтары студенттерінің арасында «Student Energy Challenge» атты үшінші зияткерлік командалық конкурсына қатысу үшін командаларды тіркеу аяқталды.

2017 жылдан бастап «Student Energy Challenge» конкурсын «KAZENERGY» қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен бірлесіп өткізіп келеді. Конкурс мақсаты энергетикалық міндеттерді инновациялық шешуді ұсынатын студенттік жобаларды қолдау болып табылады.

Ағымдағы жылы командалардың рекордты саны тіркелді. Барлығы 69 команда еліміздің 15 өңіріндегі 27 жоғары оқу орны атынан шығады. Бұдан әрі тіркелген командалар келесі кезеңге өту үшін 2019 жылғы 2 наурызға дейін команда және жоба туралы қысқа бейнетүйіндеме жіберуі тиіс.

Бейнетүйіндеме 2-4 минуттан тұратын қысқа презентациялық бейнероликті бідіреді, онда команда мүшелері, жобаның мақсаты, тақырыпты таңдау негізділігі және жобадан күтілетін нәтиже сипатталады.
Жалпы, конкурс Қазақстан студенттерінің кәсіптік және жеке әлеуетін дамытуға, инженерлік ойлау және шығармашылығын дамытуды қолдауға, қазақстандық студенттерге озық тәжірибе мен индустрияның техникалық дағдыларын тапсыруға, сондай-ақ студенттердің үлкен гранттық жобаларға қатысу саласындағы құзыреттілігін жинақтау және капиталандыру және бұдан әрі ғылыми және кәсіпкерлік қызметке мотивациялау тәжірибесін алуға бағытталған.

Барлық командаларға сәттілік тілейміз!

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.