top
top
Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ЕЛОРДАСЫНДА «ASTANA MUNAY FEST»  ҮШІНШІ ЖЫЛСАЙЫНҒЫ СИМПОЗИУМ ӨТТІ

2019 жылғы 5-6 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев университетінің қабырғаларында «Astana Munay Fest» атты мұнай-газ саласының 3-ші жылсайынғы жастар симпозиумы өтті. 120-дан астам студент және барлық Каспий өңірінен келген жас мамандар, Қазақстан саласының мамандары мен көшбасшылары қатысты. Оқиға оқушылар арасында да қызығушылық білдірді – ең жас қатысушы 12 жаста болды.

«Astana Munay Fest» 3-ші жылсайынғы симпозиум – Тоталь Қазақстан, МАНУЛ; Назарбаев университетінің Тау ісі және ғылымдары мектебінің, KAZENERGY Жастар комитетінің қолдауымен Назарбаев университетінде SPE студентік секциямен өткізілетін екі күндік іс-шара. Аталған іс-шараның мақсаты болашақ инновациялары саласында тәжірибе және білім алмасу, сондай-ақ мұнай-газ индустриясында карьералық мүмкіндіктерді талқылау үшін KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ұзабай Қарабалин дәстүрлі түрде қатысты. Симпозиумды ашу рәсімі шеңберінде өз сөз сөйлеуінде Ұзақбай Сүлейменұлы жастардың бастамаларын қолдау, сарапшылардың өз тәжірибесін мұнайшылардың келесі ұрпағына тапсыру маңыздылығын атап өтті. Ашу рәсімінде Паскаль Бреан (Қазақстан Республикасындағы «Тоталь» басшысы), Сейсекенов Шыңғыс («ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары), Лоретта О’Доннел (Назарбаев Университетінің академиялық істер жөніндегі вице-провосы) және Др. Али Шафией (NU SPE SC кеңесшісі) сөз сөйледі.

Симпозиум шеңберінде «2030 жылы Қазақстанның мұнай-газ индустриясын трансформациялау» атты тақырыпты панельдік сессия өткізілді. Дискуссияның басты қонақтары мен спикерлері Қазақстандағы мұнай-газ компаниялары басшылығының өкілдері болды. Биыл Қазақстан Республикасындағы «Тоталь» басшысы, «Тоталь Қазақстан Барлау және Өндіру» басқарушы директоры Паскаль Бреан, Agip Caspian Sea B.V. басқарушы директоры Николо Агоджери, Қазақстандағы «Шелл» концернінің төрағасы Оливье Лазар, «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директорының орынбасары Андрей Свешников студенттерімен сарапшылық пікірімен бөлісті.

Осы симпозиумның жаңалығы панельдік дискуссиядан кейін өткізілген Карьералық көрме болды. Аталған көрме шеңберінде “Шлюмберже” және “ҚазТрансОйл” компанияларының презентациялары өткізілді. Шлюмберже компаниясы атынан компанияның адами ресурстар жөніндегі менеджер Ғафур Асылханов, ал ҚазТрансОйл компаниясынан Бас директорының орынбасары Арынов Сәбит сөз сөйледі.

«Astana Munay Fest» симпозиумының шеңберінде индустрияда ғылыми зерттеулерді ілгерілету және қатысушылар мен қонақтар арасында жаңа өнертабыстар мен инновациялар туралы ақпарат алмасу мақсатында жылсайынғы ғылыми жұмыстар конкурсы өткізілді. Аталған конкурстың қазылар алқасы ретінде Иван Коротков («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ), Др. Пейман Пурафшари (Назарбаев Университеті) және Др. Мухаммад Рехан Хашмет (Назарбаев Университеті) болды. Ғылыми жұмыстар жеңімпаздары Назарбаев Университетінің студенттері Ерік Тасанбаев және Елдос Сағатай, Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенттері Жандос Оразалин және Әсем Оразғалиева атанды.

Симпозиумның екінші күні Астана Бизнес Кампус пен Др. Пеймана Пурафшари тренингтері ұсынылды. Тренинг тақырыптары делегаттардың кәсіпкерлік және көшбасшылық дағдыларын дамытуға және мұнай-газ саласындағы зерттеулерді дамытуға бағытталған.

Көшбасшылық және аналитикалық сапаларды дамыту және студенттер мен мамандар арасындағы коммуникацияны дамыту үшін зияткерлік және бизнес-ойындар да жүргізілді. Бизнес-ойындарда делегаттарға «ҚМГ: Болашақ мұнай-газ саласын қалыптастыру» кейсі ұсынылды. Кейстің ең үздік шешімін саланың жас мамандары Әсем Мұқажанова (KAZENERGY Жастар комитетінің президенті), Жеңіс Ахметов (NCOC N.V.), Шыңғыс Айтжанов (Astana Business Campus), Телқожа Мұстафа (Nazarbayev University) айқындады.

Қорытынды рәсім кезінде ғылыми жұмыстар конкурсының, бизнес ойындар мен зияткерлік ойындар жеңімпаздары марапатталып, бағалы сыйлықтар алды. Сонымен қатар Манул компаниясының өкілі Архат Сұлтабаев, Назарбаев Университетінің Студенттік істер мен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Қадиша Даирова және Астана Бизнес Кампус қызметкері Шыңғыс Айтжанов қорытынды сөзбен сөз сөйледі.


1_.jpg

2.JPG

6_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.