top
top
Жаңалықтар

KAZENERGY ҚАУЫМДАСТЫҒЫ «ШЫҒАРМАШЫЛ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК ҮШІН СТРАТЕГИЯЛАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫНДА

15-16 сәуірде Қазақстан-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) ҚБТУ Қазақстан-Британ Бәсекеге қабілеттілік орталығымен ұйымдастырылған «Шығармашыл бәсекеге қабілеттілік үшін стратегиялар» атты халықаралық симпозиумы өтті (SCC 2019). ҚБТУ басты әріптестерінің бірі болып табылатын KAZENERGY қауымдастығы симпозиумды қолдады. Симпозиумның мақсаты – Қазақстанның шығармашыл индустриясындағы бизнес стартаптарының және басқа санаттарының бәсекеге қабілеттілігін аттыруға мүмкіндік беретін стратегияларды талқылау және жаңа идеялар ұсыну. Симпозиумның қатысушылары халықаралық профессорлар, зерттеушілер, студенттер, сондай-ақ шығармашылық түрлену және шығармашылық бизнесті ілгерілету үшін итермелеуші күш беретін шығармашыл индустриясының өкілдері болды.

«Шығармашыл бәсекеге қабілеттілік үшін стратегиялар» симпозиумы «Creative Spark» кәсіпкерлігін дамыту бойынша университеттерге арналған бағдарламалар шеңберінде жүргізіледі. Бұл бесжылдық бағдарлама жеті елде Орта Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан), Оңтүстік Кавказ (Әзірбайжан, Армения, Грузия) және Украина елдерінде шығармашыл экономиканы және кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға бағытталған. Бағдарлама кәсіпкерлік білім беруге деген сұранысты есепке алып, шығармашыл секторды дамыту проблемаларын шешу үшін әзірленген болатын. Шығармашыл индустриялар Ұлыбританияда экономикалық өсудің қозғалтқышы болды. Британдық әріптестердің жинақтаған тәжірибесі мен білімдері аталған елдерде тұрақты дамуды қолдау және әлеуметтік игілік үшін пайдалану жоспарлануда.

Симпозиум шеңберінде ҚБТУ-да Еуразия өңірлерінің елдеріне аналған Гарвад Бизнес Мектебінің (Institute for Strategy and Competitiveness Harvard Business School) «Микроэкономика және бәсекеге қабілеттілік» кіші тобының ашылуы, Орта Азиядағы алғаш «Creative Enterprise Hub» ашылуы, ҚБТУ Бизнес мектебінің «Бәсекеге қабілеттілік» атты 6-шы жыл сайынғы конференциясы және шығармашылық индустрия үшін қазақстандық студенттер мен жас зерттеушілердің идеялар конкурсы өтті. «Creatives Spark ҚБТУ» гранттарының жеңімпаздары өз кейстерін көрсетті және өнімін симпозиумның қатысушыларына ұсынды.
«Шығармашыл бәсекеге қабілеттілік үшін стратегиялар» симпозиумын «Creative Spark: Жоғары білім беру бағдарламасы» Британ Кеңесінің гранты шеңберінде ҚБТУ, Рединг университеті, Рединг университетінің Хенли бизнес мектебі (Ұлыбритания) және Құрманғазы атындағы консерватория ұйымдастырды.

«KAZENERGY» қауымдастығының атынан іс-шараға адами капиталды дамыту жөніндегі атқарушы директор Ляззат Ахмурзина қатысты және ол ҚБТУ белсенді түрде қатысатын KAZENERGY қауымдастығының іске асырудағы жобалары және алда болатын «Жастар және уақыт талабы» атты жастар форумы, стипендиялық, гранттық жобалар, «Student Energy Challenge» командалық зияткерлік конкурс туралы сөз қозғады және ағымдағы жылы ҚБТУ ең көп команда санын – 16 команданы тіркеп, ЖОО арасында алда келе жатқанын атап өтті.

IMG_6327_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.