«KAZENERGY» қауымдастығының алаңында мұнай-газ компаниялары жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша тәжірибемен бөлісті

«KAZENERGY» қауымдастығының алаңында мұнай-газ компаниялары жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша тәжірибемен бөлісті
2019 жылғы 27 маусымда халықаралық сарапшылардың, ҚР Энергетика министрлігі, БҰҰДБ, USAID өкілдерінің, қауымдастықтың мүдделі мүшелерінің қатысуымен «Қазақстанда мұнай-газ компанияларының жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Осы үстел шеңберінде қатысушылар мұнай-газ секторында жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі - ЖЭК) дамыту жағдайымен танысты. Қазіргі уақытта мұнай-газ секторының көптеген ірі ойыншылары қазақстанда ЖЭК-ге қаражат салады. Eni-де — Ақтөбе облысында «Бадамша» жел жобасы, Shell өкілдері ҚР-да «таза» энергияға инвестициялау бойынша жоспарларымен бөлісті. Бұл диверсификациялау мақсатында ғана емес, таза практика жүзінде де жасалынады — ЖЭК саласындағы технологиялар жетілдірілуде және арзандап келеді.

Жаһандық ықпал ету факторы – технологиялардың тез жетілуі де маңызды болып табылады. Жыл сайын өндірушілер мен өнім берушілердің саны өсуде, олардың арасындағы бәсекелестік күшеюде, бұл ЖЭК инвестициялар үшін барынша тартымды етеді.

Дөңгелек үстел қатысушылары Үкіметтің ҚР-да ЖЭК жобалары үшін заңнама саласындағы инвестициялық климатты жақсарту бойынша бастамаларын қолдайды. Сарапшылардың пікірі бойынша секторды дамыту еліміздің экономикасы үшін мультипликативті әсер жасайды.

Өз кезегінде, NCOC көмірсутек ізін азайту бойынша механизмдерін ұсынды, оған өз қажеттіліктер үшін ОЭР төмендету бойынша энергиялық тиімді технологияларды қолдану кіреді.
Кездесу қорытындысында қатысушылар ЖЭК секторын дамыту саласында тәжірибемен бөлісу бойынша әрі қарай табысты ынтымақтастық орнататындығына сенім білдірді.

IMG_3128_.jpg

IMG_3130_.jpg

IMG_3135_.jpg

IMG_3150_.jpg
Комментарий