top
top
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің көшпелі отырысы туралы

2019 жылғы 2 шілдеде «KAZENERGY» қауымдастығының алаңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің (бұдан әрі - Комитет) мүшесі Ш.Ә. Өтемісовтің төрағалығымен ҚР Экологиялық кодексінің жобасын талқылау бойынша Комитеттің көшпелі отырысы өтті.

Отырыс жұмысына ҚР Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі М.М. Мырзағалиев, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының, Қазақстан энергетика қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың, энергетика және мұнай-газ салаларының ірі компанияларының өкілдері қатысты.

Талқылау барысында көшпелі отырыс қатысушылары І санаттағы өндірістік объектілердің кешенді экологиялық ажыратылымдарға (КЭА) көшуіне және ең үздік қолжетімді технологиялар (ЕҮҚТ) мен басқа да жаңалықтарды енгізуге аса көңіл бөлді. Бұл ретте салалық қауымдастықтар бірқатар ұсыныстар, оның ішінде ЕҮҚТ енгізуді қазыналық ынталандыру шараларын қолдану қажеттілігімен байланысты ұсыныстар жөнінде сөз етті.

IMG_3198_.jpg
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.