Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия

Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссия
2019 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа әлеуметтік әріптестіктің тараптары: ҚР Энергетика министрлігі атынан уәкілетті мемлекеттік орган; жұмыс берушілер, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «KAZENERGY» қауымдастығы; салалық кәсіподақтар атынан жұмыскерлер өкілдері: «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «Химия, мұнай-химия және өндірістің туыстас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ, «ҚазТрансГаз» АҚ жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ қатысты.

Отырыста ҚР Энергетика министрлігінен кадрлық ауыстыруларға байланысты салалық комиссия мүшелерін ауыстыру үшін ұсынылған кандидатуралары мақұлданды.

2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жұмысы барысы туралы баяндалды. Жұмыс тобының құрамына ҚР Энергетика министрлігінің, «KAZENERGY» қауымдастығының, жұмыс берушілер мен салалық кәсіподақтардың өкілдері, барлығы 71 адам кірді. А.ж. наурыздан бастап Жұмыс тобы жұмысқа кірісті, Жұмыс жоспары бекітіліп, Жұмыс тобы 3 бағыт бойынша бөлінді: еңбек ақысын төлеу, ЕҚжҚ, жалпы мәселелер. Жұмыс тобының 4 отырыс (а.ж. 28-29 наурызда, 25-26 сәуірде, 23 мамырда, 18 маусымда) және Еңбек ақысын төлеу бөлімін талқылау бойынша жұмыс берушілердің 2 отырысы (а.ж. 16 мамырда, 17 маусымда) өтті. Бүгінгі күні Жұмыс тобы ресми түрде келіп түскен барлық ұсыныстарды талқылады және мақұлдады. Жұмысты аяқтап, 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімді бекітуге ұсыну а.ж. күзде жоспарлануда.

Жұмыс тобының шеңберінде Қазақ Мұнай және Газ Институтының НТҚ Техникалық реттеу және әзірлеу департаментінің директоры Г.К. Баймағанбетова «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасының шеңберінде іске асырылатын салалық біліктілік шеңбері (СБШ) мен кәсіптік стандарттарды (КС) әзірлеу туралы таныстырылыммен сөз сөйледі. Г.К. Баймағанбетованың баяндамасына сәйкес бүгінгі күні СБШ және КС әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды, «Мұнай және газды барлау және өндіру», «Мұнай және газды тасымалдау және сақтау», «Мұнай және газды қайта өңдеу және өткізу» бағыттары бойынша мұнай-газ саласына талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері есеп түрінде ресімделді және «КИНГ» АҚ және KAZENERGY ресми сайттарында орналастырылды. Қазіргі уақытта СБШ әзірлеу жалғасуда.

Еңбек шиеленістерінің алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және кәсіпорындарда өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша жүргізілген жұмыс туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Қазақстанның мұнай-сервис компанияларының одағы» ЗТБ өкілдері баян етті.

«Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ өкілі Салалық комиссия мүшелеріне кәсіподақ бірлестігіне кіретін еңбек ұжымдық компаниялардағы ағымдағы жағдай туралы хабар берді. Отырыс соңында ҚР Энергетика вице-министрі Ә. Мағауов әлеуметтік әріптестік тараптарына белсенді жұмысы үшін алғыс білдірді.

22_.jpg
Комментарий