ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ 31-ОТЫРЫСЫ

ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ 31-ОТЫРЫСЫ
А.ж. 25 шілдеде Ғылыми-техникалық кеңестің (бұдан әрі - ҒТК) 31-ші отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібі «Мұнай және газ кәсіпшілігінде энергетикалық объектілерді салу және пайдалану».

Отырыста «INNIO», «ЭнергоТехСервис» ЖШҚ, «Ариель Интернэшнл Корпорэйшн» және «ЗИНГА» ЖШҚ өкілдері өз жобаларымен таныстырды.

«INNIO» Ресей және ТМД өңірлік менеджері Андрей Назаров белгіленген генерацияның негізгі дүниежүзілік тенденциялары туралы айтты: «Энергияның баламалы көздерін дамыту және ақпаратты сақтаудың жаңа технологияларын енгізу дүниежүзі бойынша электр энергетикасының құрылымына өз ізтаңбаларын қалдырады. Қандай шешімдер болашаққа апарар? Үлестірілген энергетика – қазіргі замандағы сын-тегеуріндерге жауап болмақ». Сонымен қатар Андрей Назаров шығындарды толығымен бақылауға және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік беретін жергілікті энергетиканың элементі ретінде газ поршеньді қондырғылар туралы да сөз етті.

Мұнай-газ саласын энергиямен қамтамасыз етудің қазіргі заманғы сын-тегеуріндері (жаңа кен орындарын игеру кезіндегі геологиялық тәуекелдер, ескіріп жатқан кен орындарда өндірудің энергиялық сыйымдылығын ұлғайту, қаржылық және технологиялық санкциялар жағдайларында мұнайға дүниежүзілік бағаны төмендету және т.б.) мұнай-газ компанияларынан стратегиялық шешімдерді – жаңа тәсілдер мен технологияларды, қаржылық модельдер мен ұйымдастыру тетіктерін қолдануды талап етеді. Мұнай-газ компанияларының стратегияларында қандай өзгерістер сәтті қолданылуда? Қандай өзгерістер енгізу деңгейінде? Қандай серпілісті технологиялардың пайда болуын жақын арада күтуге болады? Ресейдің үлестіру энергетикасының көшбасшысы-«ЭнергоТехСервис» компаниясының директоры, Ресейдің еңбегі сіңген энергетигі, ресейлік мұнайды энергиямен қамтамасыз ету практигі Александр Свергин өзінің сарапшылық пікірімен бөлісті.

«Ариель Интернэшнл Корпорэйшн» жобалар инженері Лукьянов Сергей өз сөз сөйлеуінде «технологияларды дамытудың қазіргі заманғы деңгейі өндірілетін көмірсутек шикізатты іс жүзінде толығымен және ілеспе мұнай газын ішінара пайдалануға мүмкіндік береді» атап көрсетті. Технологиялардың көбі газдың айтарлықтай сығылуын және, тиісінше, оны сығуға арналған қондырғыларды талап етеді. «Ариель» корпорациясы газ және мұнай салалары үшін поршеньді компрессорлардың дүниежүзілік жетекші өндірушісі бола отырып, 538 Барға дейін қысымға қуаттылығы 30 кВт-тан бастап 8000 кВт дейін компрессорларды жасайды. Жасалған компрессорлардың шамамен үштен бірі (мысалы 10 мың бірлік) ілеспе мұнай газын сығу үшін пайдаланылады. Өз сөз сөйлеуінде спикер дүниежүзілік компрессор жасаудың көшбасшысы ретінде Ariel тарихы, компанияның өнімі және оны қолданудың негізгі салалары туралы да айтты. Алайда таныстырылымның көп бөлігі практикалық кейстерге арналды, онда Ariel поршеньді компрессорларын қолдану орнын тапты.

«ЭнергоТехСервис» компаниясы атынан сервис басқармасының Максим Манохин «Мұнай-газ кәсіпшілігінде энергетикалық және технологиялық жабдығына қызмет көрсету және жөндеу» тақырыбымен сөз сөйледі. Өз сөз сөйлеуінде спикер электр немесе компрессорлық станциялардың құрамында жұмыс жасайтын газ поршеньді, газ турбиналық немесе дизельді агрегаттардың тоқтаусыз жұмыс істеуі, көп жағдайда, оларға уақтылы және толық техникалық қызмет көрсетумен айқындалатындығы жөнінде айтты. Сонымен қатар «ЭнергоТехСервис» сервис басқармасы өз объектілері мен өз тапсырыс берушілерінің объектілеріне сервистік қызмет көрсетуді қалай ұйымдастыратындығы, кәсіпшілікте жөндеу жүргізудегі негізгі қиындықтар қандай және сервистік инженерлерге көмекке қандай шешімдер келгендігі туралы сөз етілді.

Cummins Generator Technologies Ресей және ТМД елдерінің аумағындағы сату жөніндегі менеджер Игорь Власов және Cummins Generator Technologies Италия, Греция, Адриатикалық бассейні Шығыс Еуропа елдерінің, Ресей аумағындағы сату жөніндегі менеджері Ян Лове мұнай-газ саласында электр машиналары жалпылай қолданылатындығы, трансформаторлар, қозғалтқыштар мен генераторлар өндірістік циклдің барлық кезеңдерде — көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдау мен қайта өндіруге дейін қолданылуы туралы сөз етті. Электр энергияны жергілікті өндіру жетектердің тұрақты жұмысынан ғана емес (газ поршеньді, дизельді және газ турбиналық қозғалтқыштардың), олардың механикалық энергиясын электр энергияға тасымалдаушы синхронды генераторлардан тікелей байланысты екендігі аталып өтті. Cummins Generator Technologies компаниясы қуаттылы2 ден бастап 10000 кВа дейін жететін STAMFORD® және AvK® айнымалы тоқ генераторларының түрлерін әзірлейді және жасайды. Өзінің сапасының арқасында бүкіл дүниежүзіне танымал болған STAMFORD® және AvK® айнымалы тоқ генераторлары беріктіліктің, сенімділік пен әмбебаптылықтың эталоны болып табылады.

«ЗИНГА» ЖШҚ бас директорының орынбасары Стулова Ирина ( «ZINGA» саудалық маркасының РФ-дағы ресми өкілдігі) ZINGA материалдарының көмегімен коррозияға қарсы және катодты қорғау жүйесін ұсынды. ZINGA материалдары Бельгияда жасалады. Материалдарды жасау кезіндегі негізгі идея ыстық гальвандау аналогын, лак-бояулы материалдарды бір уақытта үйлестіре білетін, бұл ретте катодты қорғауды орындайтын жаңа ұрпақтың бірегей өнімін әзірлеу болды. Гент университетінің ғалымдарымен бірлесіп, компания металдарды коррозиядан қорғау саласындағы «ноу-хауды» ZINGA жұқа қабатты жүйесін жасады. Дүниежүзілік зерттеу тәжірибесі егер цинктің құрамы дайын жабында кем дегенде 94% болатын болса, негізгі металдың катодты жүйесін қамтамасыз ету мүмкін екендігін дәлелдеді. ZINGA бұл металл бетіндегі құрғақ жабынындағы цинктің 96%. Аналогы бүкіл дүниежүзінде жоқ.

 Әрбір баяндамашының сөз сөйлеулері белсенді түрде талқыланып, сұрақтар қойылды.


IMG_3251_.jpg

IMG_3245_.jpg

IMG_3261_.jpg

IMG_3239_.jpg

IMG_3249_.jpg
Комментарий