top
top
Жаңалықтар

Каспий Құбыржол Консорциумы киіктерді мониторингтеу үшін ұшқышсыз ұшатын аппаратты ұсынды

Осы ұшқыш аппаратының таныстырылымы Ақмола облысы Қабанбай кентінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтың, «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалиннің және «Каспий Құбыржол Консорциумы-К» (КТК-К) АҚ бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдиннің қатысуымен өтті.

ҰҰА қазіргі заманғы мүмкіндіктері киіктерді ғана емес, жалпы Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау және зерделеу бойынша іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.

Ұшқышсыз ұшатын аппарат (бұдан әрі - ҰҰА) КҚК-К қаражатына сатып алынды, ол 2016 жылдан бері Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының «Киелі Киік» бірлескен бағдарламасы шеңберінде Қазақстанда киіктер қауымдастығын қорғау жөніндегі қызметін қолдап келеді.

Қазақстанда киіктердің үш қауымдастығына мемлекеттік авиациялық есебі жыл сайын жүргізіледі. Алайда авиатехниканы жалдаудың қымбаттылығы аумақтарды жүйелі түрде патрульдеуге және киіктерді қосымша мониторингтеуге мүмкіндік бермейді. Нарыққа жаңа ұшқышсыз ұшатын аппараттардың шығуы деректер алудың шекарасын кеңейтуге және осы жануарларды сақтаудың және зерделеудің жаңа тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік береді. ҰҰА табиғатты қорғау мақсатында шетелде, оның ішінде Ресей Федерациясында пайдаланудың оң тәжірибесі бар.

Supercam S350 ұшқышсыз ұшатын аппараттың ең үздік тактикалық-техникалық сипаттамалары бар, кішкентай көлемді болса да (қанатының өрісі 3,2 м, салмағы шамамен 12кг) ол ауада 4,5 сағатқа дейін бола алады. Осы аппарат деректерді 90 қашықтыққа дейін толық беру мүмкіндігі бар, фото және бейнетүсірілімдерді жасай алады.

Жоба киіктерді ғана емес, басқа да жабайы аңдарды да есепке алу үшін ҰҰА пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдарды, оның ішінде мемлекеттік деңгейде де әзірлеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ҰҰА ерекше қорғалатын аумақтарда, жабайы аңдар үшін қатерлерді мониторингтеуде және олардың тіршілік ететін орындарының жай-күйін зерделеуде қолдануға болады.

Жұмысты ҚБСҚ «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-мен және ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бірлесіп жүргізеді.

_DSC9662_.jpg
_DSC9642_.jpg
_DSC9696_.jpg<
Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.