«STUDENT ENERGY CHALLENGE» КОНКУРСЫНЫҢ ФИНАЛИСТЕРІ АЙҚЫНДАЛДЫ

«STUDENT ENERGY CHALLENGE» КОНКУРСЫНЫҢ ФИНАЛИСТЕРІ АЙҚЫНДАЛДЫ
Бүгін 2019 жылғы 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Конгресс-орталығында «STUDENT ENERGY CHALLENGE» командалық зияткерлік конкурсының жартылай финалы өтті, ұйымдастырушылары KAZENERGY қауымдастығы мен «Шелл Қазақстан»компаниясы болды.

Жартылай ыиналда 9 (тоғыз) команда қатысты:
Қоршаған ортаға шығарындаларды төмендету
1. «Wind of Change» Назарбаев Университеті (Нұр-Сұлтан қаласы)
2. «Thunder» әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қаласы)
3. «OxyGEN» Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Зерттеу Техникалық университеті (Алматы қаласы)

Қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу
4. «EcoTeam» А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
5. «FEOGI» Қазақстан-Британ техникалық университеті ( Алматы қаласы)
6. «24ELEMENT» Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
7. «Fam» Қазақстан-Британ техникалық университеті (Алматы қаласы)

Цифрландыру
8. «Dream Team» Қазақстан-Британ Техникалық университеті (Алматы қаласы)

Мұнай-газ саласында энергия үнемдеу және энергия тиімділігі
9. «Innovation WKATU» Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (Орал қ.).

Жартылай финалда командалар ұсынатын жобаларының мақсаттарын, технология процесі белгіленген паспорттар бейне таныстырылымдарын ұсынады.

Қазылар алқасы қорғау және талқылау қорытындысы бойынша конкурстың финалына өту үшін мына командаларды айқындады.
  • «Innovation WKATU» Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (Орал қ.);
  • «Wind of Change» Назарбаев Университеті (Нұр-Сұлтан қ.);
  • «FEOGI» Қазақстан-Британ техникалық университеті (Алматы қ.).
«Student Energy Challenge» конкурсының финалы 2019 жылғы 24 қыркүйекте «Жастар және заман талабы» ХІ Жастар форумының шеңберінде өтетін болады.
Командалар өкілдерінің elevator pitch* форматында сөз сөйлеуі шешуші сәт болады.
«Student Energy Challenge» - студенттер жасаған барынша перспективалық және дарқын жобаларды анықтауға бағытталған.

Іс-шара іске асыруын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен KAZENERGY қауымдастығы жүзеге асыратын, еліміздің мұнай-газ секторының басты іс-шарасы болып табылатын «Kazakhstan Energy Week 2019» (KEW-2019) шеңберінде өтеді.

KEW-2019 алаңы Қазақстанның ОЭК одан тұрақты және тиімді дамыту мәселелерін талқылау және салаға инвестициялар тарту үшін салалық оқиғаларды біріктіреді.

Энергетикалық апталықтың негізгі оқиғасы XII KAZENERGY Еуразиялық Форумы болады. 2006 жылдан бастап KAZENERGY қауымдастығы өткізіп келе жатқан аталған іс-шара Каспий және Орталық Азия өңірлерінде энергетика секторындағы басты халықаралық оқиғаны білдіреді. Жыл сайын Форумға дүниежүзінің 50-ден астам елінен келген 300 компанияның 2,5 мыңнан астам делегаты қатысады. Көптеген жылдар бойы Форумның қонақтары беделді саяси фигуралар, дүниежүзінде танылған сарапшылар болады, бұл іс-шараның жоғары беделін көрседі.

#kazenergyforum #kazenergyforum2019 #astanacity #kew2019 #kazenergy#энергетическийфорум #energyforum #energyforumastana #kazakhstan #нурсултансити #nursultancity

KAZENERGY қауымдастығының баспасөз релизі
Тел.: (7172) 790181, 790173;
+77019998712; +77770010802
S.Ismailova@kazenergy.com; n.nurmagambet@kazenergy.com


Анықтама: Elevator pitch (лифтегі таныстырылым) – бұл шектеулі уақыт жағдайындағы таныстырылым немесе сөз сөйлеу,әдетте, бір минут ішінде – (лифт қозғалысының уақыты жоғары ғимаратта). Лифтідегі таныстырылым ерекшелігі бір минут ішінде кәсіпкер өз бизнес идеясын түсіндіру қажет.

4.jpg

3.jpg

2.jpg

1.jpg
Комментарий