top
top
Жаңалықтар

«Жастар және заман талабы» XI KAZENERGY Жастар форумын өткізу қорытындылары туралы  

Бүгін, 2019 жылғы 24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының Конгресс-орталығында «Жастар және заман талабы» XI KAZENERGY Жастар форумының ашылуы болды (бұдан әрі - Форум).

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы М.Д. Қожахмет, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасарлары Ұ.С.Қарабалин мен Ж.Ж.Сәрсенов Форумның қатысушыларына құттықтау сөздерін айтты.

Форумның шеңберінде 2017 жылдан бастап KAZENERGY қауымдастығы мен Шелл Қазақстан компаниясы іске асырып келе жатқан Student Energy Challenge зияткерлік командалық конкурсының көптен күткен финалы өтті.

Команда капитандарының elevator pitch стилінде сөз сөйлеу қорытындылары бойынша қазылар алқасы шешімінің негізінде сыйлық қоры командалар арасында бөлінді. Осылайша, 2019 жылғы Student Energy Challenge жеңімпаздары болып атанды:
  1.  Wind of Change, Назарбаев Университеті – 1 орын, 10 000 АҚШ доллары.
  2.  FEOGI, Қазақстан-Британ техникалық университеті – 2 орын, 5 000 АҚШ доллары.
  3.  Innovation WKATU, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті – 3 орын, 3 000 АҚШ доллары.
Біз конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларға оқуда табыс тілейміз!

«Жастар және заман талабы» атты пленарлық сессия «face to face» форматында өтті. Дискуссия еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің өкілдерімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ЛУКОЙЛ Апстрим Қазақстан» ЖШС жұмыс берушілерімен, ҚБТУ ректорымен және жас көшбасшылармен өткізілді.

Пленарлық сессия тақырыбы өмірдің әртүрлі аспектілерін, әсіресе, білім беру, мансап, жұмысқа орналасы, шетелде оқу, жастар қозғалысы, оның ішінде волонтерлік ұйымдар сияқты тақырыптарды қозғады.

Форум шеңберінде Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг қаржылық қолдауымен KAZENERGY қауымдастығының StudentDigitalFest атты жаңа конкурсы жарияланды. Конкурсқа қатысу үшін тіркелу бүгінгі күннен бастап басталды.

Форумның тағы бір жаңалығы Қазақстанның Жаңа кәсіптер атласы бойынша EdTour болды, сондай-ақ қатысушыларға Alem бағдарламалау мектебінде IT-дағдыларды дамыту мүмкіндіктері туралы айтылды.

IV KAZENERGY Жастар форумының қатысушыларынан Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жастар кеңесіне «Көзімнің қарасы» атты челлендж тапсырылды.

Сафи Өтебаевтың 110 жылдығы мен Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай викторина өткізілді. Викторина қатысушылары сыйлықтармен марапатталды.

Мұнай-газ және энергетика саласының жас мамандарын KAZENERGY қауымдастығы атынан құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі форумның жарқын сәтіне айналды.
Форумның қорытындысы ретінде Бизнес академиясының адамның дамуы, оқуы, жұмыс жасауы үшін ең маңызды 10 сапасы мен бүгін және ертең еңбек нарығы үшін қалай өзекті болып қалу керектігі жөнінде шеберлік класы ұсынылды.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

5.jpg

6.jpg

Мекенжайы:
Астана, Қабанбай батыр 17, Б блогы
Сайт картасы
KAZENERGY 2005 - 2024 © Барлық құқықтар сақталған.